Аймақтар • 13 Тамыз, 2019

«Туған елге саяхат» мәресіне жетті

657 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өткен жұмада балаларға арналған «Туған елге саяхат» жобасы өз мәресіне жетті. Осыдан екі ай бұрын басталған бастама аясында елімізден және көрші мемлекеттерден 600-ге жуық бала Нұр-Сұлтан, Тараз, Байқоңыр, Алматы қалаларында болып, Балқаш көлінде шомылды.

«Туған елге саяхат» мәресіне жетті

 

Саяхат барысында ба­ла­ларға әр қаланың тарихы туралы деректер айтылып, тың мағ­лұматтар берілді.

– Пойыздағы сапар барысында әр өңірдің балалары бір-бірімен жақын танысып, достасып кетті. Саяxаттың әр күнінде балаларға арналған шеберлік шыңдау, спорттық жарыстар мен би, флешмобтар ұйымдастырылды. «Туған елге саяxат» жобасы балаларға өзін өзі дамытып, шығармашылық таланттарын ашуға мүмкіндік береді. Саяxат барысында пойызда балаларға арналған түрлі үйірмелер жұмыс істеді. Сонымен қатар балаларға Қа­зақ­станның тариxы мен пойыз жүрген жер­лер­дің география­лық  ерекше­лік­тері туралы ақпа­раттар айтылды. Биыл алғаш рет көрші Ресейде, Моңғолияда, Белоруссияда, Украинада тұ­ратын қандастарымыз өз Отандарына саяхат жасап, қазақ жерінің тарихымен танысып, түп-тамырларына үңілді», деді «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев.

Жоба қатысушысы Мәди Абдраxман саяхат барысында Тараз қаласындағы Қараxан кесенесін көргенін, онда тарихи мәліметтерге қанық болып, білімін жетілдіргенін жеткізді. Биылғы жазды қызықты өз­кізген ол жобадан тапқан дос­тарын қимайтынын да айтты.

Жоба қорытындысы елор­да­дағы «Жетісу» саябағында ұйым­дастырылды. Өз өнер­лерін ортаға салған қаты­су­шылар алған әсерлерімен бө­лісіп, естелік сыйлықтарға ие болды.

Айта кетерлігі, «Туған елге саяхат» жобасы «Самұрық-Қа­зы­на» АҚ компаниялар тобы­ның атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобалар­ды дамыту қорының ұйымдас­тыруымен жүзеге асуда. Бұл шараға шалғай өңірлерде орна­ласқан, көп балалы және толық емес отбасынан шыққан бала­лар және де оқу үлгерімі жақсы өндірістік кәсіпорындар мен зауыт жұмысшыларының балалары, сонымен қатар арнайы ұйымдастырылған кон­курстың жеңімпаздары қаты­суда.