Спорт • 16 Тамыз, 2019

Аустралияда жеңіс тойын тойлады

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Айдос Ербосынұлы мен Нұрсұлтан Жаңа­баев Аустралия астанасы Сид­ней­де өткен бокс кешінде шаршы алаңға шығып, қарсыластарынан басым түсті.

 

Аустралияда жеңіс тойын тойлады

Екінші орта салмақ дәрежесінде жұды­рықтасатын Айдос Ербосынұлы (12-0, 8 КО) жергілікті боксшы Рокки Джеркич­пен (17-2, 13 КО) жұдырықтасып, WBA Inter-Continental, WBO Global және WBC Asia белбеулерін қорғап қалды. 10 раунд­қа жоспарланған кездесуде екі боксшы соңына дейін жұдырықтасып, отандасымыз төрешілердің шешімі бойынша ұпай санымен басым түсті. Ал қарсыласы екінші рет жеңілістің кермек дәмін татты.

Жартылай орта салмақтағы Нұрсұлтан Жаңабаев та (8-0, 5 КО) жергілікті боксшымен айқас өткізді. 10 раундқа созылған бұл жекпе-жекте де отандасымыз төрешілердің бірауыз шешімімен Стивом Гагодан басым есеппен (11-1, 3 КО) жеңіске жетті. Сондай-ақ қандасымыз WBA Inter-Continental, WBO Oriental, IBF Pan Pacific белдіктерін қанжығасына байлады.