Аймақтар • 17 Тамыз, 2019

Солтүстік Қазақстан студенттері Арктикадан экспедициядан оралды

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік универсиетінің екі студенті халықаралық экологиялық экспедицияның құрамында бір ай Арктикада болды.

Солтүстік Қазақстан студенттері Арктикадан экспедициядан оралды

Олар Вилькицкий аралын темір қоқыстарынан тазалау акциясына белсене атсалысты.

«Кар теңізінде орналасқан арал Ямал-Ненец автономиялық округінің ең солтүстігі болып есептеледі. Кезінде әскери база мен метеостанса қоныс тепкен аралға мыңдаған тонна темір қалдықтары тасталып, қоршаған орта айтарлықтай  зардап шеккен екен. Осыдан бірнеше жыл бұрын Орыс географиялық қоғамы «Жасыл Арктика» халықаралық экологиялық экспедициясын ұйымдастырып, содан бері  экологияны қорғау шаралары жүйелі түрде өткізіліп келеді», дейді Нұрсейіт Әбдіразақов пен Роман  Гиричев.

Экспедицияға Қазақстаннан, Ресейден, Молдовадан және Израильден 30 ерікті қатысыпты. Бүгінде Белое аралы қалпына келтірілсе, Вилькицкий аралы толық тазартылмақ. Қазір бұл аралда ешкім тұрмайтын көрінеді. 60 гектар аумақтан 200 тоннадан астам  темір қалдығы,  жарты мыңдай ескі бөшкелер жиналып, 20 құрылыс нысаны бұзылыпты.

Күннің суықтығына, үнемі желдің соғып тұратынына, ылғалдылықтың жоғарылығына қарамастан жерлестерімізсаяхаттан керемет әсер алып,  жақсы тынығып қайтқандарын айтады. Өздерін сергек сезінеді.

 

Солтүстік Қазақстан облысы