Аймақтар • 18 Тамыз, 2019

Асқар Жұмағалиев «Заманауи ақпараттық технологиялар» IT форумына қатысты

182 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Облыс орталығындағы Инвесторлар үйінде өткенде  форумға өңірге жұмыс сапарымен келген Цифрлық даму, Инновациялар және Аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев, облыс әкімі Болат Бақауов қатысты.

Асқар Жұмағалиев «Заманауи ақпараттық технологиялар» IT форумына қатысты

Фото: Валерий Бугаев

Болат Бақауовтың айтуынша, облыстағы кәсіпорындар қазір «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына қосылған. Инновациялық технологиялар бойынша өңірде 40-қа жуық жоба жүзеге асырылуда.

Министр Асқар Жұмағалиев өңірдегі цифрлық жүйеде жұмыс жасап жатқан нысандар қызметімен,  заманауи технологияларды танысты.

Мысалы, TKR компаниясы жаттығу құрылғыларын, интерактивті модульдер, оқытуға арналған жүйелер құрастыру, заманауи 3D технологиялар арқылы түрлі құрылғыларды таныстырумен айналысады.

Сондықтан, жоғары оқу орындары, ірі кәсіпорындар тарапынан сұраныс көп. Қазіргі уақытта TKR компаниясының жобасын «Қазақстан Алюминий» АҚ зауыты пайдалануда. Бағдарлама арқылы қызметкерлерін оқытады.

-Біздің бағдарламалар түрлі бағыттағы деректерді интерактивті түрде бере алады,-деді министрге компания өкілдері.

Мысалы, жоғары оқу орындары John Deere техникасымен жұмыс жасауды әртүрлі техникамен үйретуі мүмкін.  Ал,біз виртуалды әлемде сол техниканы құрастырамыз. Студенттер жасалған техникамен тәжірибеден өте алады. Оқу бітірген соң өзі таңдаған жерде жұмыс жасайды.

Осындай жаңашылдықты көрген Асқар Жұмағалиев өңірдегі ақпараттық технологиялардың қолдану барысына жақсы баға берді.

- Елімізде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының алғашқы кезеңі жүргізілуде. Облыс орталықтарында, шағын қалаларда интернет қызметі үздіксіз.  Ендігі мәселе,сапалы интернетті ауылдарға жеткізу, деді министр.

Бұдан кейін Асқар Жұмағалиев облыс  орталығында жуырда ғана ашылған «Көші-қон қызметі», «Халыққа қызмет көрсету орталығында болды.

«Көші-қон қызыметі»  орталығы -Шетелдік еңбек мигранттарына «Бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетуде.

 «Халыққа қызмет көрсету орталығына» барған министрді орталықтың жұмысымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташ таныстырды.

Фронт-офис күніне  1200-ге жуық қызмет көрсетеді, оның жартысынан көбін тұрғындар электрондық форматта алады.

 

ПАВЛОДАР