Аймақтар • 18 Тамыз, 2019

Министр Асқар Жұмағалиев Шақат ауылына барды

472 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Облыс орталығына жұмыс сапарымен келген Цифрлық даму, Инновациялар және Аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев, облыс әкімі Болат Бақауов талшықтық-оптикалық байланыс желісіне қосылған ауылдағы нысандарда аралап көрді.

Министр Асқар Жұмағалиев Шақат ауылына барды

Фото: Валерий Бугаев

-Еліміздің ауылдарын кең жолақты интернет желісімен қамтамасыз ету жобасы "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Телекоммуникация инфрақұрылымы шалғайдағы ауылдардағы әлеуметтік сала объектілерін, бюджеттік ұйымдар мен мемлекеттік мекемелерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуге бағытталған, -деп, - деп атап өтті Асқар Жұмағалиев.

Бірақ,  Шақат ауылы облыс  орталығына жақын орналасқан. Шалғайдағы ауыл емес. Мүмкіндігі жеткілікті.  Мектептегі интернет жылдамдығы 10 мегабитті құрайды.  

Қазір мектептегі әр кабинетте кең жолықты ғаламтор пайда болған.

Мектеп  мұғалімдерінің айтуынша, жоғары жылдамдықты интернетке қосылғалы жұмыс та оңтайланды. Жаңа  оқу жылы қарсаңында мұғалімдер авторлық ғылыми және білім беру бағдарламаларын әзірлеген.

Сонымен қатар мектепте Цифрлық музей жұмысын қолға алуда. Музей қорына тарихи деректер,фотосуреттер жинақтауда.

Жинақталған қорымыз түрлі әлеуметтік желілерге таратылды. Виртуалды музей кейін жеке сайтқа айналады.

Павлодар

Сондай-ақ, байланыс желісіне жергілікті әкімдік, полиция және фельдершік-акушерлік пукнтіне де тартылған. Бұл күндері ауыл тұрғындары да қосылуда.

Бұрын интернеттің жылдамдығы ең көп дегенде секундына 4 мегабит, кейде 8 мегабит болса, қазір секундына 100 мегабитке дейін жетеді.

Бұл туралы министрге  «Қазақтелеком» АҚ Шығыс өңірлік телекоммуникация дирекциясыың директоры Ермек Қуанышбеков мәлім етті.

- «Ақпаратты Қазақстан-2020» бағдарламасына сәйкес «Қазақтелеком» АҚ ауылдарда талшықтық-оптикалық байланыс желісін тартуға кірісті, дейді Ермек Қуанышбеков. - Бұл жоба «Қазақтелеком» мен Ақпарат және коммуникация министрлігі арасындағы мемлекеттік-жеке меншік серіктестік келісімшарт аясында жүзеге асырылады.

Павлодар облысында барлығы 364 үлкенді-кішілі ауыл бар. Осы уақытқа дейін 87-ауылға талшықтық-оптикалық байланыс желісі тартылған. 

Былтыр  9 ауыл, 36 мемлекеттік мекеме интернетке қосылған. Биыл үш ауданда құрылыс басталған.

2020 жылдың 1 наурызынан бастап қосымша 20 ауыл мен 74 мемлекеттік мекеме қамтылады.

 

ПАВЛОДАР