Аймақтар • 20 Тамыз, 2019

Солтүстік Қазақстанда басқарманың жаңа басшысы тағайындалды

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстанда Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына жаңа  басшы келді.

Солтүстік Қазақстанда басқарманың жаңа басшысы тағайындалды

Бұл лауазымға 34 жастағы Құралбек Атамұратов тайындалды.  Ол 2001 жылы Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақмол ауылындағы орта мектепті бітірген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде оқып, «қоғаммен байланыс» мамандығын алып шыққан.

2005-2009 жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігінде жұмыс істеген. 2010-2012 жылдары «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ-да  баспасөз хатшысы қызметін атқарған. 2013 - 2019 жылдары мәдениет және ақпарат саласына маманданған коммерциялық құрылымдарға жетекшілік еткен.  «Қазақстан» РТРК, «Хабар», «31-арна», «Алматы» телеарналарында телебейне өнімдерді шығару бойынша продюсер болған.     

Бұған дейін Қазақстанның автожолшылар қауымдастығының вице-президенті қызметін атқарған.

Солтүстік Қазақстан облысы