Аймақтар • 20 Тамыз, 2019

Павлодарда «Еңбек» бағдарламасын аудандар орындай алмай отыр

129 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, өңірде тұрғындарды қысқа мерзімде оқытып, жұмыспен қамтуға бағытталған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын  жүзеге асыру жүргізілуде.

Павлодарда «Еңбек» бағдарламасын аудандар орындай алмай отыр

Суретті түсірген: Валерий Бугаев

Шілде айында республикалық бюджет комиссиясы елімізде 54 мың адамның қысқа мерзімді білім алуы үшін 7,9 млрд теңге және 5,7 млрд теңге көлемінде шәкіртақы бөлген.

Бұл ретте өңір тұрғындарының оқуына 549,8 млн теңге мен шәкіртақыға 150,3 млн теңге қарастырылып отыр. Жыл соңынан дейін аталмыш қаржыға 2300 адам білім алады.

Бірақ, Баянауыл, Успен, Май, Аққулы аудандары белгіленген жоспарды орындай алмаған.

Ал бұған  тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарының аз жүргізілетіні мен қысқа мерзімді оқуды бітіріп шыққандардың  жұмысқа орналаса алмауы себеп болуда.

Басқарманың мәліметінше, өңірдегі «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты бойынша биылғы 1 қыркүйектен бастап 1035 адам техникалық және кәсіптік білімді алады деп жоспарланған.

Өткен жылы  оқуға түскен 191 адам техникалық және кәсіптік оқуды бітіріп, 131-і жұмысқа орналасқан.

Сондықтан еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 1349 адамды жіберу жоспарланған.

Биыл оқуды 680 адам бітіріп,  122-сі  жұмысқа орналасқан. Жұмысқа орналаса алмағандардың себебі дәрігерлік тексерістен өту мен қажетті құжаттарды жинауға кететін уақыт.

Бағдарламаның екінші бағыты «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 965 адам білім алған. Оның ішінде 900 адам оқуды аяқтап, 819-ы бизнес жобаларын қорғап шыққан. Жыл соңына дейін тағы 1500 адам оқумен қамтылмақ.

Ал тұрғындарды еңбекпен қамту маңызды мәселе. Мемлекет тұрғындардың білім алып, еңбек етуіне жағдай жасап отыр.

Сондықтан бағдарлама жөнінде жұртшылық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізілуі қажет-ақ.

 

ПАВЛОДАР