16 Қаңтар, 2013

Ұлт мерейі

372 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Ұлт мерейі

Сәрсенбі, 16 қаңтар 2013 7:19

ЕХРО-2017 Бүкіләлемдік көрмесін өткізу жө­­­­­нін­­­дегі дүниежүзілік бәсекеде қол жеткіз­­­ген Қазақ­­­­­стан жеңісінің маңызын жете тү­сіну үшін осы халықаралық көрмелер ше­жіресін ой елегінен өткізу керек. Ал Бү­кіләлемдік көрмелер та­­­ри­­­­хының шежі­ресі бір жарым ғасырдан астам уақыт­тан бері жалғасып келе жатыр. Міне, осындай айтулы жаһандық шарада әлемдік тарих сахнасында лайықты орнын енді ала бастаған жас елорда – Астананың жеңіске жетуі шын мақтанарлық құбылыс.

Сәрсенбі, 16 қаңтар 2013 7:19

ЕХРО-2017 Бүкіләлемдік көрмесін өткізу жө­­­­­нін­­­дегі дүниежүзілік бәсекеде қол жеткіз­­­ген Қазақ­­­­­стан жеңісінің маңызын жете тү­сіну үшін осы халықаралық көрмелер ше­жіресін ой елегінен өткізу керек. Ал Бү­кіләлемдік көрмелер та­­­ри­­­­хының шежі­ресі бір жарым ғасырдан астам уақыт­тан бері жалғасып келе жатыр. Міне, осындай айтулы жаһандық шарада әлемдік тарих сахнасында лайықты орнын енді ала бастаған жас елорда – Астананың жеңіске жетуі шын мақтанарлық құбылыс.

Көрмелер шежіресіне ден қояр бол­сақ, ол алғаш рет «Барлық ұлт­тардың өнеркәсіптік жұмысының ұлы көр­­­­месі» деген атпен 1851 жылы Лондон қала­сында бастау алды. Оған шамамен 20 мыңдай қатысушы келіп, көр­меге 100 мың­дай экспонат қо­йыл­ды. Экс­по­­­­­зи­ция­лар өткен атақты «Хрусталь сарайында» сол уақытқа дейін дүниежүзінің өнер­­­­кәсіп саласында қол жеткен озық жетістіктер паш етілді. Лондон­­­дағы осы алғашқы көрмені 6 миллионнан астам адам тамашалапты.

Бүкіләлемдік бірінші көрме дүниежү­­­­зінің мемлекеттері мен халықтарына өнер­­­­­кәсіп өндірісі саласында жаңа мәдени байланыстар орнатуға мүмкіндік берді. Бұл көр­ме Англия­­­­ның, сонымен бірге, бүкіл әлем­нің әлеуметтік-экономикалық даму үрді­сіне тың серпін әкелді. 1851 жылы Лондонда өткен ЕХРО көрмесінен кейін АҚШ, Франция және бас­қа мемлекеттердің басшылары осындай халық­аралық ауқымды шараны өздерінде өткізуге ынталы болды.

Еске салатын бір мәселе, осы бірінші дүние­жүзілік өнеркәсіптік көрмеде көптеген техникалық жаңалықтар паш етілді. Алғаш рет осы көрме шеңберінде адамзатқа лифт, лампа, телеграф, мотор, автокөлік сияқты техникалық ғасыр жаңалық­тары таныстырылды. ЕХРО көрмесі арқылы бүкіл дүниежүзі өндірісте ашылған өнертапқыштық жаңалықтармен танысты. Содан кейін ғана бұл озық технологиялар өндіріске енгізілетін болды.

1889 жылы Бүкіләлемдік көрме Париж қала­сын­да өтті. Бұл көрмеге қойылған экспонаттар өзінің озық жаңалықтарымен ерекшеленді. ЕХРО – 1889 Парижге Эйфель мұнарасын сыйлады. Бұл көрмені тамашалауға 3 миллионнан астам адам қатысты.

Бүкіләлемдік көрме шежіресі басталған 161 жыл ішінде ЕХРО көрмесі 3 және 5 жыл мерзім ішінде жүйелі түрде өткізіліп келеді. Көрмелер аралығын­­­дағы бұл мерзім бір-ақ рет бұзылды. Яғни, 1939 жылы Сан-Францискода өткен көрме мен 1958 жылы Брюссельде өткен көрме арасына 20 жылға жуық мерзім түсіп кетті. Бұл адамзат тарихындағы ұлы тра­гедия – екінші дү­­­­ние­жүзілік соғыс еді. Ал 1970 жылы ЕХРО Бүкіл­әлем­дік көр­­­­­месі ал­­ғаш рет Азия құр­­­лы­­ғын­да, Жапо­ния­­ның Осака қаласында өтті.

Енді міне, ЕХРО-2017 Бүкіләлемдік көрмесі алғаш рет Орталық Азияда, бірінші рет ТМД мем­­лекеттерінің ішінде Қазақстанда өткізілгелі отыр. Тәуелсіз Қазақстан шежіресінде тұңғыш рет Бүкіл­әлемдік ЕХРО-2017 көрмесінің өткізілуі шын мә­нін­де – ұлттық жеңіс. Бұл жеңіске біз Тұңғыш Пре­зидентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың дана да сара басшылығының арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіз Қазақ елінің еркін ұлдары мен қыздарының басым мақсаты біреу, ол – тәуелсіз еліміздің гүлденуі. Елбасы, дүниежүзі таныған реформатор, Тұңғыш Пре­зидентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың басшы­лы­ғы­мен біз бұдан да биік асуларды аламыз.

Нина МИТЧИНОВА,

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.