Ол шетелдік əріптестерімен кездесті жəне əскери ынтымақтастық мəселелерін талқылап, қазақстандық танкішілердің атынан Қазақстан ҚК құрамасын АрХО-да жоғары деңгейде өнер көрсетулерімен құттықтады. Ұйымдастырушылар, сарапшылар жəне қатысушылар мерейтойлық ойынды ауқымды деп мойындады.
– Биылғы далалық, теңіз жəне əуе машығынан өткен 32 байқауда 39 елден 223 команда бақ сынасты. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Одан басқа, байқаулар бір уақытта 10 елдің 21 полигонында, Каспий жəне Балтық теңіздерінің су айдындарында жəне Парсы шығанағында өтті. Армия ойындарының үш байқауы Қазақстанда өтті. Əскери сайыстың жанкүйерлері мен барлық ниет білдіргендер байқаулардың барысын, жабылу, марапаттау жəне ашылу рəсімдерін шынайы уақыт режімінде бақылап отырды. Онлайн трансляция бірден бірнеше интернет алаңшаларда, сондай-ақ қазақстандық спорт телеарнасының эфирінде көрсетілді. Екі апта бойы армия ойындары алаңында көрермендер көп болып, əскери кəсіпқойлардың халықаралық деңгейде үздік деп атанулары үшін сайысқа түскендерін тамашалады, – деп мәлімдеді министрлік басшылығы.
Қазақстан құрамасы бірінші кезеңнен-ақ барлық байқауларда көшбасшылар үштігінен көрініп, сол жетістікті шешуші кезеңге дейін ұстап тұрды. Бұл ретте жеке есепте əскери қызметшілеріміз бірнеше рет үздік нəтижелер көрсетті.
Сонымен қазақстандық Су-25 экипажы «шабуылдау авиациясы» номинациясында бірінші орынды иеленді. Əскери дəрігерлер жеке шеберлікте үздік нəтижені, сондай-ақ «Əскери-медициналық эстафета» байқауы аясында шұғыл реанимацияда жоғары кəсібилігін көрсетті. «Чемпиондар жарысында» əскери полиция кинологы өзінің қызметтік итімен «Адал дос» байқауының ең жоғары рейтингтік командалар арасында бірінші орынды иеленді. «Артиллериялық оқ ату шеберлері» байқауында жеке есепте қазақстандық команда үздік минаатқыш есептоп және үздік гранатаатқыш атағын жеңіп алды. Əскери байланысшылар арасында өткен «сенімді қабылдау» байқауында əскери қызметшілерімізді төрешілер алқасы есту және радиобағдарлау айла-тəсілінде үздік деп таныды. «Далалық ас үй» азық-түлік қызметтерінің байқауында аспаздарымыз ұлттық тағамдар əзірлеуде таңдай қақтырды. Одан басқа, үздік дене дайындығын көрсетіп, қатысушы елдер арасында бірінші орынды еншіледі.
Армиялық ойындардың «Аравт» жаңа ат марафоны байқауында Қазақстанның таулы-егерлік полкі Моңғолияның командасынан жеңіліс тапса да, кедергілері бар 130 км қашықтықтағы эстафетада жылдамдық пен шеберлікті паш етті. Атыс қаруын жөндеуде де əскери қызметшілеріміз көшбасшылар қатарында. Қазақстанның командасы «Қару шебері» байқауында үшінші орынды қанжығасына байлады. «Танк биатлоны» ең көзтартар байқауының шешуші кезеңін қазақстандық команда Ресейлік тарап ұсынған танктерде үшінші болып жүлдегерлер үштігіне ілігіп, ойынды аяқтады. АрХО-2018 танк сайысында қазақстандық танкішілер Ресей, Қытай және Беларусь командаларынан жеңіліп, құрметті төртінші орынға ие болғанын айта кеткен жөн.
Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық команданы халықаралық армия ойындарының ұйымдастырушылары байқауға қатысу саны бойынша ең көрнекі деп мойындады. Төрешілер алқасының мүшелері ойын барысын бақылап, Қазақстан əскери қызметшілерінің жоғары дайындық деңгейлерін, қəсіпқойлықтары мен жауынгерлік машықтарын атап өтті.