Еліміздің денсаулық сақтау саласында ауыз толтырып айтарлықтай бастамалар бар. Сондай оң өзгерістердің бірі – медициналық сақтандыру жүйесі. Аталған жүйе 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейді. Сөйтіп біз бірте-бірте медициналық сақтандыру жүйесінің игілігін көруді бастамақпыз.

Қазір медициналық сақтандыру қорында 197 млрд теңгеден астам қаржы жинақталған. Оның 9,5 млрд теңгесі өткен шілде айында түсіпті. Қорға аударылған жарналардың 95,5 пайызын жұмыс берушілер аударған. Өзгесі жеке кәсіпкерлер мен азаматтар аударған ақша болса керек. Жарна аудару жағынан Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.
Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сүйенсек, 2020-2022 жылдарға арналған бюджет жобасында 2020 жылы медициналық көмекке жұмсалатын қаржы 1 трлн 620 млрд теңге деп белгіленген. Бұл биылғы шығындардан 67%-ға көп. Аталған қаржының 967,7 млрд теңгесі тегін медициналық көмекке, 652,8 млрд теңгесі – сақтандыру пакеті бойынша көрсетілетін қызметтерге жұмсалады.
Тұрғындар денсаулығын сақтаудағы маңызды саланың бірі – бастапқы медициналық-санитарлық көмек, яғни азаматтар қаралатын емханалар. Сондықтан осы салаға басымдық беріледі. Қазіргі таңда еліміздегі, соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласындағы емханалар мен клиникалар Медициналық сақтандыру қорымен келісімшартқа отыруға ынталы болып отыр. Сөйтіп, олар мемлекеттік тапсырыс аясында медициналық қызмет көрсетпек.
«Бастапқы медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Нұр-Сұлтан қаласында емханалардың жүктемелерін азайтуға бағытталған іс-шаралардың картографиясы жасалды. Нәтижесінде, 2019 жылдың соңына дейін қала маңында тұратын 100 мыңнан астам тұрғын өзі тұратын үйден 20 метр қашықтықта орналасқан емханалармен қамтамасыз етіледі. Бұған жекеменшік инвесторлардың көмегімен жаңа емханалар, дәрігерлік амбулаториялар ашу арқылы қол жеткізуге болады. Болашақта емхана қызметі – медицина саласының бәсекелестік алаңына айналары сөзсіз. Ал бәсекелестік бар жерде, кез келген қызметтің сапасы артады, – дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.
Айта кетейік, Медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалымен келісімшартқа отырып, тапсырыс алып жатқан, соның ішінде емхана қызметіне қызығушылық танытып отырған жекеменшік клиникалар саны артып келеді. Биыл елордалықтарға мемлекеттік тапсырыс аясында медициналық қызмет көрсету үшін қормен келісімшарт бекіткен 95 медициналық ұйымның 60-ы – жекеменшік.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізу шеңберінде медициналық қызметтердің қолжетімділігі кеңейеді, жекеменшік клиникаларды тарту арқылы бәсекелестік нәтижесінде, халыққа көрсетілетін медициналық қызмет сапасы артады.
Бүгіннің өзінде елордамыздағы емханалар «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында дәрігерлердің қабылдауына смарт-қосымша немесе бірыңғай call-орталықтың 109 нөмірі арқылы алдын ала жазылу арқылы «кезексіз» жұмыс режіміне көшті. Ал емхана немесе тікелей дәрігер туралы тілектер мен пікірлерді Smart Аstana мобильді қосымшасы арқылы қалдыруға болады. Ол үшін ұялы телефонға арнайы QR-кодты сканерлеу жеткілікті. Ақпараттық киоск пен смарт-қосымшадағы барлық ақпарат, соның ішінде шағымдар, дәрігерлердің жұмысын бағалау Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ахуалдық орталығында жиналады, бұл көрсетілетін медициналық көмек деңгейін талдауға және сапаны жақсарту үшін шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.
Біз сөзбен айтқанда, еліміздегі, елордамыздағы емдеу мекемелері медициналық сақтандыру жүйесі бойынша жұмыс жүргізуге жұмылдырылуда. Медицина ғылымдарының докторы, профессор Ерболат Дәленовтің айтуына қарағанда, медициналық сақтандыру жүйесімен еліміздің денсаулық сақтау саласындағы қордаланған мәселелер шешіледі. «Біріншіден, жүйенің қаржылық-экономикалық негізі қалыптасқан. Екіншіден, денсаулық сақтау саласын цифрландыру барысында медициналық қызмет көрсету жүктемелері жеңілдеп, уақыт ұтымды пайдаланылады. Үшіншіден, науқас пен дәрігер арасында дифференциалдық қарым-қатынас орнайды. Медициналық сақтандыру – халықтың денсаулығын қорғау жүйесі. Дамыған елдердің көпшілігінде денсаулық сақтау саласында осы жүйе қолданылады. Мемлекет бұл мәселеде қарапайым халыққа қолайлы жағдайлар қарастырып, ұтымды және жақсы мүмкіндіктер жасап отыр. Десек те, әр адам денсаулығы үшін өзі жауапты», дейді дәрігер. Сонымен қатар ол әр азаматтың өз денсаулығын күтуі қажет екенін айтады. Дамыған елдерде азаматтар өз денсаулығына қатысты ақпараттардан молынан хабардар болады. Сөйтіп денсаулық сақтау мәдениеті қалыптасқан. Қазақстан азаматтарының арасында мұндай ұғым толық қалыптаса қойған жоқ. Ал медициналық сақтандыру жүйесі медициналық мекемелердің қолжетімділігін арттырып, саладағы бәсекелестікті күшейтіп қана қоймайды, сонымен қатар ол азаматтардың денсаулық мәселесіне немқұрайды қарамау дағдысын қалыптастыруға септігін тигізбек.
Жанаргүл ҮМБЕТОВА,
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының ақпараттандыру бөлімінің бас сарапшысы
«Мың алғыс»: Қайырымдылық телемарафонында 22 миллион теңге жиналды
Қазақстан • Кеше
Биыл медициналық сақтандыруға қанша қаржы бөлінеді?
Медицина • Кеше
2020 жылы МӘМС аясында қанша күрделі операция жасалды?
Медицина • Кеше
Елбасы • Кеше
Тарих • Кеше
Спорт • Кеше
Бас театрдағы балалар студиясы
Өнер • Кеше
Алтын шынжырдың соңғы шығыршығы...
Руханият • Кеше
Қызылорда облысында карантин шаралары жеңілдетілді
Аймақтар • Кеше
Былтыр СҚО-да 7 мыңға жуық нәресте дүниеге келген
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда жұма намазға жиналуға рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Қызылжарда анасы ұрып-соққан қыз көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Жалға алған үйін тонап кеткен ұры ұсталды
Аймақтар • Кеше
Францияның экс-президенті түрмеге тоғытылды
Әлем • Кеше
Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Түркістан облысында газ желілері жаппай тексеріледі
Аймақтар • Кеше
Тергеушілердің ұстазы ұлықталды
Аймақтар • Кеше
Алматыда этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды
Аймақтар • Кеше
Алматыдан Қырғызстанға әуе рейстері қайта жанданды
Қазақстан • Кеше
Алматыда қанша тұрғын үй жылусыз қалды?
Аймақтар • Кеше
Армениядан әкелген көліктерді тіркеу мерзімі ұзартылды
Қазақстан • Кеше
Қырғызстанда Парламент сайлауы күзде болады
Әлем • Кеше
Қазақстандық кәсіпкерлер үшін салық есептеу жеңілдетілді
Экономика • Кеше
Алматы облысының Алакөл ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматылық студенттер Алғыс айту күнін атап өтті
Қазақстан • Кеше
Өмірбек Жолдасбековтың 90 жылдық мерейтойы тойланды
Қазақстан • Кеше
ҚДКБҚ депозиттердің сәуірдегі ең жоғары мөлшерлемелерін жариялады
Экономика • Кеше
Сыр елінен 700-ге жуық азамат әскерге барады
Аймақтар • Кеше
Ресей инвесторлары Атырауға бет бұрды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру басталды
Қоғам • Кеше
Асқар Мамин «Роскосмос» басшысымен кездесті
Үкімет • Кеше
Көктем кешікпей жетеді: Наурыз айына арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Дубайдан келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды
Қоғам • Кеше
Үкімет • Кеше
Алматыда ұлттар достыған арқау еткен шара өтті
Аймақтар • Кеше
Қуатты құрылымның шуақты мерекесі
Қазақстан • Кеше
Әулиеаталықтар Алғыс айту күнін атап өтуде
Аймақтар • Кеше
Наурыз айында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Көпбалалы ана белгісіз кәсіпкерге алғыс айтады
Аймақтар • Кеше
Ержан Бәкірбайұлы Талдықорғанның әкімі болып тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Зейнетақы ақшасын стоматологиялық қызметке пайдалануға болады
Медицина • Кеше
Алматыда педагогтардың республикалық жиыны өтті
Білім • Кеше
Өңірлердегі медициналық ұйымдардың тозығы жеткен
Аймақтар • Кеше
Тараз полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады
Аймақтар • Кеше
Шымкентте Алғыс айту күні аталып өтті
Аймақтар • Кеше
Киевте Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай іс-шара өтті
Руханият • Кеше
Ұқсас жаңалықтар