Аймақтар • 21 Тамыз, 2019

200-ге жуық мұғалімді оқытады

290 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін оқытуды жоспарлаған мектептер, колледждер және университет мұғалімдері мен оқытушылары «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының арнайы қысқа мерзімді курстарына қатыспақ. Оқу екі ағымда 19-29 тамыз бен 2-13 қыркүйек аралығында өтеді.

200-ге жуық мұғалімді оқытады

Оқыту барлық бағыттар бо­йынша бір уақытта басталды. Бұл 96 мектеп мұғалімдері, 47 колледж оқы­тушылары және 29 жоғары оқу орны­ның оқытушыларын қамтиды. Мұ­ғалімдермен жұмыс істеуге бел­сенді кәсіпкерлер, бизнес-жат­тықтырушылар, тәлімгерлер тартылды. Оқу тек курстармен шектелмейді. Оқушылар мен оқытушылар  atameken.com онлайн платформасында қосымша білім ала алады.

Оқытушыларды даярлау 2019 жыл­дың 1 қыркүйегінен бастап 10-сынып оқушыларының сабақ кес­тесіне жаңа «Кәсіпкерлік және биз­нес негіздері»  элективті пәнін ен­гізу аясында жүзеге асырылады. Сонымен қатар кәсіпкерлік не­гіз­дерін мемлекеттік колледж­дер мен жоғары оқу орнының жоғарғы курс студенттері оқитын бо­лады. Жоба «Атамекен» Ұлттық кәсіп­керлер палатасының бастамасымен және Білім және ғылым министр­лігінің  қолдауымен жүзеге асырылды. Жобаның мақсаты – өскелең ұр­пақ арасында іскерлік ойлауды қа­лып­тастыру, сонымен қатар жаппай кәсіпкерлік идеяларын кеңінен таныту.

«Кәсіпкерлік негіздері» пәні – Қазақ­стан­дағы кәсіпкерлік сауат­тылық деңгейін арттыруға мүмкіндік бере­тін жүйе. Пән аптасына 2 рет оқы­тылады. Жылына – барлығы 68 сабақ. Оның 30%-ы – теория, 70%-ы – практика. Бағдарлама теориялық зерттеулер­ден, ойын түріндегі практикалық сабақтардан, бизнес жағдайларын талдаудан және бизнес ойындардан тұрады. Мұғалімдер үшін семинарлар ұйымдастырылады. Бизнес-тренерлер мұғалімдерді «Кәсіпкерлік негіздері» курсымен толық таныстырады.

«Қазір жас ұрпаққа кәсіпкерлік және қаржылық менеджмент тура­лы білім қажет. Басқа ешқандай пән оқушылар мен студенттердің кәсіпкерлік негіздері туралы ойын қалыптастыра алмайды. Өткен жы­лы жаңа пән қанатқақты режімде елі­міздің он жеті мектебінде оқы­тылған болатын. Ақтөбеде апробация  №20 мектеп-лицейде өтті», деді Кәсіпкерлер палатасының директоры Анар Даржанова.

 

Ақтөбе

 

Соңғы жаңалықтар

Нәзік иықтағы ауыр жүк

Әйел әлемі • Бүгін, 09:35

Арманына жеткен ару

Әйел әлемі • Бүгін, 09:30

Талапкерге қанат бітірген

Әйел әлемі • Бүгін, 09:25

Мейрам қарсаңындағы марапат

Тағзым • Бүгін, 09:20

Ел анасы, ерте оянған санасы...

Әйел әлемі • Бүгін, 09:10

Қазақ әйелдерінің шежіресі

Тарих • Бүгін, 09:05

Шаршы тақтаның шаһбазы

Шахмат • Бүгін, 09:00

Шекісудің де қайыры бар

Спорт • Бүгін, 08:50

Жерлесіміздің 20 жетістігі

Спорт • Бүгін, 08:45

Көпбалалы отбасы қуанышы

Қоғам • Бүгін, 08:40

Нәрестені ширатқан орталық

Аймақтар • Бүгін, 08:35

Көптің аманатын арқалаған

Әйел әлемі • Бүгін, 08:30