Бұл прогрессивті елдің тәжірибесі қызықты, себебі Ұлыбритания тәуекелге-бағдарланған салық салу саласындағы бас сарапшы болып табылады. Бұл ел бүгінгі күні алынған ғылыми деректер мен зерттеулерге сүйенеді. Ағылшын үкіметі дәстүрлі темекі мен никотинді жеткізу жүйелерін мүлдем екі түрлі категорияда бөліп қарау керек деген ұстанымға сенеді, және бұл өнімдер әр түрлі реттелуі және әр түрлі салықтар салынуы тиіс. Яғни, Британия Үкіметінің денсаулыққа аз зиян келтіретін өнімдерге аз салық салу қажет және оларға қатаңдығы аз реттелу жүргізілуі тиіс деген түсінік бар.
Бүгінде Ұлыбританияда электрондық темекі дәстүрлі темекі шегуден бас тартуға ықпал ететін және темекі шегуге қарсы күресте көмектесетін темекі шегудің ең аз зиянды баламасы ретінде қарастырылады. Ел үкіметі оны тұтыну өнімдерінің санатына жатқызады және оларды ҚҚС-нан 20% мөлшердегі ғана салық салады.
Ел үкіметі қоғамдық Денсаулық сақтау қызметіне (Public Health of England – ред.) электрондық сигареттер бойынша жыл сайынғы «дәлелді базаға талдау» жүргізуді, сондай-ақ никотинді жеткізудің альтернативті жүйелері (НЖАЖ) бойынша дәлелдемелерді тексеруді, мысалы -жаңа материалдың пайда болуына қарай IQOS-ді тексеруді тапсырды.
Қыздырылатын табак өнімдері токсилогиялық тәуекелдерінің тәуелсіз зерттеу мониторингін азық-түлік, тұтыну өнімдеріндегі және қоршаған ортадағы химиялық заттардың уытты әсер ету мәселелері жөніндегі Комитет (бұдан әрі – Комитет) жүргізеді. 2017 жылы Комитет IQOS аэрозолында орташа есеппен қарапайым темекі түтініне қарағанда 90-95 пайызға аз зиянды заттар бар екенін анықтады.
Сол жылы Ұлыбритания Парламентінде ғылым мен техника жөніндегі парламенттік комитет дайындаған баяндама талқыланды. Онда темекі шегуден бас тарту барысында құрамында никотин бар инновациялық өнімдердің маңызды рөлі туралы айтылды.
Комитет төрағасы Норман Ламбтың айтуынша, құрамында никотин бар инновациялық өнімдер темекі шегуге қарсы күресте елдің денсаулық сақтау министрлігінің сенімді көмекшісі бола алады. «НЖАЖ темекі тартпайтындарды дәстүрлі темекі шегуге итермелеуі мүмкін деген алаңдаушылық негізсіз», - деп атап өтті комитеті төрағасы Ламб өз баяндамасында.— Дұрыс тәсілде НЖАЖ Денсаулық сақтау министрлігінің арсеналындағы темекі шегумен күресудің негізгі құралы болуы мүмкін».
Комитеттің мәлімдемесіне елдің беделді ғылыми орталықтарының түрлі ғалымдары, соның ішінде Стерлинг университетінің профессоры Линда Баулд, белгілі француз онкологы Дэвид Хаят, Нью-Йорк университетінің профессоры Хелен Ремонт те қосылды.
Осылайша, Ұлыбританияда никотинді жеткізудің альтернативті жүйелеріне тәуекелге-бағдарланған салық салу бүгінде өз нәтижелерін экономикалық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік жағынан да әкелуде. Ел тұрғындары қарапайым темекіден бас тартып, зияны азырақ өнімдерге ауысуда, олар осылайша бюджетті үнемдеп қана қоймай, өз денсаулығына аз зиян келтіруде.