Дені сау ұлт қана қуатты мемлекет құрып, экономикасын ойдағыдай дамыта алады. Ал дені сау ұлтты қалыптастырудың басты факторы – азаматтардың денешынықтырумен және спортпен айналысуына мемлекет тарапынан қолайлы жағдайлар туғызу болмақ. Осындай оңды іс елімізде айқын байқалып отырғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Әрі Мемлекет басшысы тарапынан бұқаралық спортты дамытуға қатысты қойылған міндеттер ойдағыдай орындалып келеді.

Мысалы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында 2020 жылға қарай елімізде денешынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтардың қатарын 30 пайызға дейін өсіру қажеттігін атап көрсетіпті. Содан бері 7 жыл өтіпті. Елбасы белгілеген уақыт та келіпті. Осы асуды ала алдық па? Нақты деректерге сүйенсек республика бойынша денешынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны өткен 2018 жылы 5 миллион 475 мың 969 адамды құрапты. Яғни мұның өзі ел тұрғындарының 29,8 пайызы деген сөз.
Бұқаралық спорт пен денешынықтырудың қолжетімділігін көтеру ісі ең алдымен өңірлерден тамыр тартса игі. Бұл жөнінен де құдайға шүкір жерге қарап қалатын жағдайымыз жоқ екенін тағы да сол нақты деректер айқын көрсетеді. Айталық биылғы 2019 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша облыста денешынықтыру және спортпен қамтылған халықтың үлесі 31,4 пайызды құрап тұр. Бұл ел өңірлері арасында Маңғыстау және Атырау облыстарынан кейінгі жоғары көрсеткіш.
Әрине бұған бұқаралық спортты дамыту ісінде қолға алынған іс шаралар шоғыры оң әсері мен ықпалын тигізгені хақ. Оның дамуы қажетті спорттық инфрақұрылымның жасақталуымен тығыз байланысты. Биылғы жылдың соңғы ведомстволық статистикасы облыста 1745 спорттық нысан жұмыс істеп тұрғанын алға тартады. Тұтастай ел ауқымында кем дегенде 100 денешынықтыру-сауықтыру кешенін салу қажеттігі жөнінде өткен 2018 жылы 5 қазанда Елбасы қойған тапсырмаға сәйкес Ақтөбе аймағында әжептәуір қозғалыс байқалады.
Бұл үшін Ақтөбе облысының денешынықтыру және спорт басқармасы тарапынан тиісті талдаулар жасалып Мәдениет және спорт министрлігіне жолданған. Оның кейбір қырларына көз жіберсек жалпы сұлбасы төмендегідей болып шығады. Ең алдымен айтарымыз Мәденеиет және спорт министрлігі Елбасы тапсырмасына орындау үшін биылғы 2019 жылдың 15 мамыр күні 100 денешынықтыру-сауықтыру кешендері құрылысының тізбесін бекіткені. Соған сәйкес 2019-2021 жылдар аралығында облыста 6 денешынықтыру-сауықтыру кешендері құрылыстарын тұрғызу көзделген.
– Оның қазіргі іске асырылу барысы әр қилы сатыларда. Хромтау және Байғанин аудандарында аталған спорт кешендерінің жобалау-сметалық құжаттары (ЖСҚ) әзірленіп мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Мұғалжар және Темір аудандарында ЖСҚ жасақталу үстінде. Ал Ойыл ауданында бұл іс алдағы тамыз айына белгіленді – деді газет тілшісіне Ақтөбе облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов.
Аймақта бұқаралық спортты дамыту шеңберіндегі кешендер құрылысы аталған министрлік тізбесімен шектелмейді. Бұл бағыт бойынша өзге де жобалар мен жоспарлар қарастырылуда. Соның бірі «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының тигізіп отырған шапағаты деуге болады. Мысалы осы бағдарлама аясында Темір ауданының Шұбарқұдық кентіндегі кешен құрылысына республикалық және облыстық бюджеттерден 275 миллион теңге бөлінген.
Әйтсе де ел-жұртты бұқаралық спортқа жұмылдыру ісінде оң шешімін таба алмай жүрген мәселелер де жоқ емес. Айталық «Қала құрылысы, қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және құрылыс салу» атты нормативтік-техникалық құжаттарға көз салсақ алдыңғы пікіріміздің шындыққа сәйкес келетіні айқындала түсіде. Мәселенің мәнісі мынада. Жоғарыда аталған нормативтік-техникалық құжатқа сәйкес аудан орталықтары мен тұрғындар саны 3 мыңнан асатын ауылдарда, сондай-ақ ірі елді мекендерде бұқаралық спортты өрістету үшін қажетті нысандар бой көтеруге тиіс.
Шынтуайтына келгенде бұлай болмай отыр. Яғни тұрғындардың спорт ғимараттары мен кешендеріне қатысты сұраныстары мен талап-тілектері өтелмей келеді деуге болады. Бір сөзбен айтқанда бұған қажеттілік бар. Өзгесін айтпағанда 30 мыңға жуық халқы бар Шалқар ауданының орталығы Шалқар қаласында денешынықтыру-сауықтыру кешенінің жоқтығын немен түсіндірсек екен? Бұл тізімді бұдан әрі жалғастыра беруге болады. Бірақ бұдан келетін ешқандай пайда жоқтығы тағы да аян.
Бұл мәселелер 2019 жылдың 15 тамызында өткізілген Ақтөбе облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген мәжілісінде талқыланған. Дұрыс-ақ. Шешімін күтіп жүрген мәселенің бұлайша көтерілуі өте орынды. Дегенмен бұқаралық спортты дамыту және тұрғындардың денешынықтырумен және спортпен айналысу ұғымын тек бір ғана спорт кешендерін салумен шектей салуға болмайды дер едік.
Сондықтан да тұрақты комиссия мүшелері, мәслихат депутаттары мен облыстық басқарма басшылары қатысқан басқосуда спорт ғимараттарын тиімді пайдалану және денешынықтырумен айналысу үшін облыс пен аудан орталығындағы аулалар мен саябақтарды бүгінгі талаптарға сай жабдықтау жөнінде мәселелер көтерілсе толдыққанды болар еді. Бұлай болмаған. Шынтуайтына келгенде өмірде бұл мәселеде қолға алынатын шаралар жеткілікті. Соған қарамастан бұл жөнінде бір ауыз сөздің айтылмағаны өкінішті-ақ.
Рас, биылғы 2019 жылдың алғашқы жартыжылдығы аралығында аймақта бұқаралық бағыттарда өткізілген сайыстар мен жарыстардың саны 1500-ден асып түсіпті. Оған 60 мыңнан астам адам қамтылған. Әрине бұл жағымды жайт әрі тәуір көрсеткіш. Әйтсе де, бұның өзі бұқаралық спорт пен денешынықтырудың қолжетімділігін көтеру жөніндегі іс-шаралардың тек бір тәсілі мен жолы екені кәміл. Бұл ретте өңірдегі өкілетті органдар бұған қатысты мәселелердің мазмұны мен түрлерін одан әрі тереңдете түсуге ұмтылса бұқаралық спорттың өрісі одан әрі өсе түспек.
Ақтөбе облысы
«Мың алғыс»: Қайырымдылық телемарафонында 22 миллион теңге жиналды
Қазақстан • Кеше
Биыл медициналық сақтандыруға қанша қаржы бөлінеді?
Медицина • Кеше
2020 жылы МӘМС аясында қанша күрделі операция жасалды?
Медицина • Кеше
Елбасы • Кеше
Тарих • Кеше
Спорт • Кеше
Бас театрдағы балалар студиясы
Өнер • Кеше
Алтын шынжырдың соңғы шығыршығы...
Руханият • Кеше
Қызылорда облысында карантин шаралары жеңілдетілді
Аймақтар • Кеше
Былтыр СҚО-да 7 мыңға жуық нәресте дүниеге келген
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда жұма намазға жиналуға рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Қызылжарда анасы ұрып-соққан қыз көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Жалға алған үйін тонап кеткен ұры ұсталды
Аймақтар • Кеше
Францияның экс-президенті түрмеге тоғытылды
Әлем • Кеше
Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Түркістан облысында газ желілері жаппай тексеріледі
Аймақтар • Кеше
Тергеушілердің ұстазы ұлықталды
Аймақтар • Кеше
Алматыда этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды
Аймақтар • Кеше
Алматыдан Қырғызстанға әуе рейстері қайта жанданды
Қазақстан • Кеше
Алматыда қанша тұрғын үй жылусыз қалды?
Аймақтар • Кеше
Армениядан әкелген көліктерді тіркеу мерзімі ұзартылды
Қазақстан • Кеше
Қырғызстанда Парламент сайлауы күзде болады
Әлем • Кеше
Қазақстандық кәсіпкерлер үшін салық есептеу жеңілдетілді
Экономика • Кеше
Алматы облысының Алакөл ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматылық студенттер Алғыс айту күнін атап өтті
Қазақстан • Кеше
Өмірбек Жолдасбековтың 90 жылдық мерейтойы тойланды
Қазақстан • Кеше
ҚДКБҚ депозиттердің сәуірдегі ең жоғары мөлшерлемелерін жариялады
Экономика • Кеше
Сыр елінен 700-ге жуық азамат әскерге барады
Аймақтар • Кеше
Ресей инвесторлары Атырауға бет бұрды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру басталды
Қоғам • Кеше
Асқар Мамин «Роскосмос» басшысымен кездесті
Үкімет • Кеше
Көктем кешікпей жетеді: Наурыз айына арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Дубайдан келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды
Қоғам • Кеше
Үкімет • Кеше
Алматыда ұлттар достыған арқау еткен шара өтті
Аймақтар • Кеше
Қуатты құрылымның шуақты мерекесі
Қазақстан • Кеше
Әулиеаталықтар Алғыс айту күнін атап өтуде
Аймақтар • Кеше
Наурыз айында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Көпбалалы ана белгісіз кәсіпкерге алғыс айтады
Аймақтар • Кеше
Ержан Бәкірбайұлы Талдықорғанның әкімі болып тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Зейнетақы ақшасын стоматологиялық қызметке пайдалануға болады
Медицина • Кеше
Алматыда педагогтардың республикалық жиыны өтті
Білім • Кеше
Өңірлердегі медициналық ұйымдардың тозығы жеткен
Аймақтар • Кеше
Тараз полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады
Аймақтар • Кеше
Шымкентте Алғыс айту күні аталып өтті
Аймақтар • Кеше
Киевте Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай іс-шара өтті
Руханият • Кеше
Ұқсас жаңалықтар