Саясат • 21 Тамыз, 2019

Партия нақты жұмыс істеп, нақты шешімдер шығаруы керек - Н. Назарбаев

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында айтылды.

Партия нақты жұмыс істеп, нақты шешімдер шығаруы керек - Н. Назарбаев

«Партия өз алдына 30 дамыған елдің қатарына кіреміз деп мақсат қойдық. Ол рөлді орындамасақ, біздің орнымызға басқа партия келеді. Барлық бағдарламаларды сол мүддені іске асыру үшін жасап жатырмыз. Партия нақты жұмыс істеп, нақты шешімдер шығару керек. Сол кезде партияның ел арасында беделі асады» деді Н. Назарбаев. 

Елбасы еліміз дамыған елдер қатарына қосылуы үшін қажетті үш шартты атап өтті.  

«Алғашқы, қоғамда келісім мен татулық болуы керек. Екіншіден, халық сұранысына жауап бере алатын көшбасшы мен партия керек. Сондай-ақ жалпы стратегиялық курстың сабақтастығы мен бірізділігі өте маңызды» деді партия Төрағасы. 

Сондай-ақ Елбасы сайлауалды бағдарламада айтылған уәделерді орындаудың маңыздылығын, бақылауды күшейту мен нақты мәселелерді Үкіметке баяндау керек екендігін және жергілікті басқарушы органдармен тығыз жұмыс атқару керектігін атап өтті. 

Еске салсақ, бүгін елордада Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.