Аймақтар • 22 Тамыз, 2019

Бар шаруаны «...бот» арқылы бітіресіз

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазір мемлекеттік қызмет түрі электронды форматқа ауысуда. Үйде отырып-ақ, қажетті анықтаманы алып, өтініш толтыра аласыз. Уақытыңыз үнемді, кезек күтіп шаршамайсыз.

Бар шаруаны «...бот» арқылы бітіресіз

«Азаматтарға арнал­­ған үкімет» мем­­лекет­тік корпорациясы» жергі­лік­ті филиал маман­дарының ай­туын­ша, өңір тұр­ғын­­дары арасын­да мем­лекет­тік қызметтерді он­лайн түр­де алуға болатынын біл­мей­тіндер аз емес. Элек­тронды фор­мат­тағы қыз­мет­терді алу үшін әрбір адам мо­бильді азаматтар базасын­да тіркеле алады. Тіпт­і анықтамаларды тәулік бойы онлайн алуға мүмкіндік бар.

Қазір «mgov.kz» мо­биль­­ді қо­сым­шасы мен телеграмдағы «Egov­KzBot» мобильді аза­­­­­мат­­тар базасына­ тір­келіп, атал­­ған­ қосым­шаларды ұялы­ телефо­ныңызға жүктей­сіз.

Ал «Телеграм-бот» қо­сым­шасы өте ыңғайлы және жылдам жұ­мыс іс­тейді. Мысалы, 2 минут ішін­де сіз қажетті құ­жа­тыңызды рәсімдеп, жеке e-mail поштаңызға жол­дай ала­сыз. Телеграм-бот ар­қы­лы  мекен­жай, жыл­жымайтын мүліктің жоқтығы туралы, сон­дай-ақ туберкулезге қар­сы және басқа да  дис­пансерлердің анық­тамалары сияқ­ты 25 түр­лі қызметтерді де пайдалануға мүмкіндік бар. Мобильді азаматтар база­сында тір­келіп, электронды сан­дық қол­таңбаңыз болса, бар­­лық мәселе өздігінен ше­ші­леді.

Сөйтіп сіздің ұя­лы телефо­ныңыз «Қалта­ңыз­дағы ХҚО» деп ата­латын болады. Туу туралы куәлік, жеке куәлік (төлқұжат), диплом кө­шірмелері, өмірге сәби әкелгендерге тө­ле­не­тін жәрдемақы, зей­нет­керлік төлемдер сияқ­ты құжаттарды  үйден шықпай-ақ алуға болады. 

– «Цифрлы Қазақ­стан» деген осы! Цифрлы өмірге үйренейік, – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» жергілікті филиал мамандары.

 

ПАВЛОДАР