Спорт • 22 Тамыз, 2019

Алексей Луценко ТОП-15 велошабандоздың қатарына енді

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Велоспорттан Қазақстан чемпионы Алексей Луценко Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) рейтингінде жоғарылады.

Алексей Луценко ТОП-15 велошабандоздың қатарына енді

Жуырда ғана «Норвегияның аркти­калық жарысында» топ жарған отанда­сымыз жаңартылған рейтингте жеті са­ты көтеріліп, 15-орынға табан тіреді. Ве­ло­шабандоздардың көшін франциялық Жулиан Алафилипп бастап тұр. Екінші орынға испаниялық Алехандро Вальверде орналасса, үздік үштікті словениялық Примож Роглич түйіндеп тұр.

Ал Азия құрлығы бойынша рейтингте Луценко 1927 ұпаймен бірінші орында келеді. Екінші орындағы қытайлық велошабондаз Лю Ксианджингидің еншісінде 375 ұпай бар. Рейтингте үздік үштікті тайпэйлік Чун Кай Фень қорытындылады. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы Азия аймағы бойынша алғашқы орынды иеленсе, әлемдік рейтингте 18-орында  тұр.