«Биыл мектеп табылдырығын алғаш аттайтын бүлдіршіндердің саны 850-ге артып отыр. Жылдағы дәстүр бойынша «Мектепке жол» акциясы кең қолдау тапты. 2059 балаға оқу құралдары сатып алынды. Тағы да 9 мың оқушыға қолдау көрсетіледі», дейді білім басқармасының мамандары.
Облыста барлығы 479 білім ордасы бар.Мектепке дейінгі білім беретін 492 ұйымда 20 мыңнан астам жеткіншек тәрбиеленеді. «Береке» шағынауданында 600 орынды мектеп үйі пайдалануға беріледі. Оқулықтар сатып алуға 942 миллион теңге бөлініп, жартысынан астамы жеткізілген.
Өңірде мүмкіндігі шектеулі балаларға да барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Осы санаттағы 4300-ден аса оқушы үшін 7 арнайы түзету мектеп-интернаты, 15 психологиялық-педагогикалық орталық жұмыс істейді. Алдағы уақытта инклюзивті және ресурстық сыныптар ашылады. «Асыл мирас» қайырымдылық қорының қолдауымен «Аутизм. Әлем–бәрімізге ортақ» атты орталық өз жұмысын бастайды.
Солтүстік Қазақстан облысы