Аймақтар • 23 Тамыз, 2019

Сингапурлық инвесторлар халықаралық білім беру кластерін салады

247 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сингапурлық KinderWorld International Group Ltd компаниясы Шымкентте білім метрополисінен тұратын халықаралық білім беру кластерін салуға ниет білдірді. Аталған орталықта халықаралық мектеп, колледж және балабақша болады деп жоспарлануда. Осыған орай Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов сингапурлық компания төрағасы Рики Тэнмен кездесті. Тараптар білім орталығының болашақ әлеуетін талқылап, ұсыныстарын ортаға салды.

Сингапурлық инвесторлар халықаралық білім беру кластерін салады

Айта кету керек, KinderWorld Inter­national Group Ltd ко­мпаниясының білім беру кластері Аустралия, Вьетнам және Малай­зияда балаларға сапалы білім берумен айналысып келеді. Енді­ сингапурлықтар Қазақстан нары­ғына­ кіріп, елімізде өз орта­лықтарын салмақшы.

Е.Айтаханов республикалық маңызы бар қала мәр­тебесін жуыр­да алған Шымкент үшін жаңа оқу орындары аса маңызды екенін айтып, қаланың дамуына зор үлес қосатынына сенім білдірді. Жаңа жобаның құны шамамен 23-25 млн АҚШ долларын құрайды. Оны сүйемелдеумен «Kazakh invest» АҚ айналыспақ. Орта­лықтан ашылатын балабақша 6 айдан 6 жасқа дейінгі 600 балаға лайық­талған. Онда жабық ойын алаңы мен бассейн болады. Бақшада балаларды шет тілдеріне, оқу мен санауға, қо­ғам­­тану, музыка, би мен бейнелеу өнеріне үйретеді. Мұнан бөлек, 3-тен 12 жасқа дейінгі балаларға арналған байыту орталығын ашу жоспарлануда, онда балалар ғылыммен, технологиялармен, инженериямен, математикамен, робототехникамен және AR/VR жүйесімен танысады.

Ал халықаралық мектеп­те дәстүрлі пәндерден басқа­ бағдарламалауға, робото­тех­ни­каға және 3D баспаға арналған факультативтік сабақтар өтеді. Сондай-ақ АҚШ-та және басқа да елдерде оқытатын студенттердің жазғы алмасу бағдарламалары жұмыс істейтін болады.

Білім беру метрополисі – бұл балалар, жастар және қо­ғам үшін түрлі білім беру іс-ша­раларын өткізу жоспарла­нып отырған оқу кеңістігі. Метро­­полистің дизайны мен тұжы­рымдамасы Сингапурдың ұлттық университетінің қала­шығына ұқсас болмақ. Болашақта заманауи метрополис универси­тет, жатақхана, ғылыми орта­лық, медициналық орталық, экс­перименттік оқу-ойын орта­лы­ғы және басқа да қажетті инфра­құры­лымдарды қамтыған ірі кешенге айналмақ.

 

ШЫМКЕНТ