Аймақтар • 23 Тамыз, 2019

Еліміздің барлық аймақтарында қоршаған ортаның радиологиялық мониторингі жүргізілді

460 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықтың қоғамдық денсаулығын радиациялық факторлардан қорғау мақсатында Ұлттық сараптама орталығының радиологиялық зертханалары күн сайын қоршаған ортадағы гамма сәулелену дозасының қуаттылығына мониторинг жүргізеді. Бұл туралы ДСМ ҰСО Баспасөз-қызметі хабарлады.

Еліміздің барлық аймақтарында қоршаған ортаның радиологиялық мониторингі жүргізілді

Мәселен, 2019 жылғы 22 тамыздағы деректерге сәйкес қоршаған ортадағы радиациялық фон тұрақты болып табылады, табиғи гамма фонның артуы, сондай-ақ атмосфералық ауа мен жауын-шашын сынамаларында радиоактивті ластану тіркелмеген, гамма-сәулелену дозасының қуат деңгейі сағатына 0,05-0,19 микрозиверт (мкЗв/сағ) шегінде. Иондаушы сәулелену нормасы - 0,30 мкЗв/сағ.

Атмосфераның жерге жақын қабатының радиоактивті ластануына мониторинг жиынтық бета-белсенділікті анықтауға ауа сынамаларын іріктеу, тұнбаларды және сүзгілерге шөгетін шаңды жинау, сондай-ақ гамма-сәулесінің экспозициялық дозасының қуатын өлшеу арқылы жүргізіледі.

Аталмыш мониторинг Ұлттық сараптама орталығының маңызы бар қалаларда,14 облыстық, 25 қалалық, 157 аудандық бөлімшелерінде жүзеге асырылады.

 

22.08.2019 ж. ҚР аумағының гамма-фонының мониторингі

Филиалдардың атауы

Гамма сәуле дозасының қуаты

Ақмола облысы

0.10-0.19 мкЗв/сағ

Ақтөбе облысы

0.08-0.14 мкЗв/ сағ

Алматы облысы

0.13-0.14 мкЗв/ сағ

Атырау облысы

0.03-0.05 мкЗв/ сағ

Шығыс Қазақстан облысы

0.13-0.14 мкЗв/ сағ

Жамбыл облысы

0.12-0.14 мкЗв/ сағ

Батыс Қазақстан облысы

0.07-0.12 мкЗв/ сағ

Қарағанды облысы

0.11-0.13 мкЗв/ сағ

Қостанай облысы

0.07-0.09 мкЗв/ сағ

Қызылорда облысы

0.08-0.17 мкЗв/ сағ

Маңғыстау облысы

0.06-0.08 мкЗв/ сағ

Павлодар облысы

0.05-0.17 мкЗв/ сағ

Солтүстік Қазақстан облысы

0.10-0.10 мкЗв/ сағ

Түркістан облысы

0.12-0.12 мкЗв/ сағ

Шымкент қ.

0.12-0.12 мкЗв/ сағ

Алматы қ.

0.14-0.14 мкЗв/ сағ

Нұр-Сұлтан қ.

0.8-0.16 мкЗв/ сағ