23 Тамыз, 2019

Орал және Павлодар облыстарында медсақтандыру жүйесіне дайындық жоғары

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

МӘМС туралы ақпарат көше билбордтары мен қоғамдық көліктерге ілініп жатыр.

Орал және Павлодар облыстарында медсақтандыру жүйесіне дайындық жоғары

2019 жылдың 23 тамызында Орал және Павлодар қалаларында өткен өңірлік штаб отырысында облыстардың Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) енгізуге дайындық барысы пысықталды. Отырысқа спикер ретінде қатысқан Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Басқарма төрағасының орынбасары Эрик Байжүнісов Қор медициналық қызметтерді сатып алу және төлем жасау жүйесін жетілдіріп, олардың сапасын мұқият бақылап отыратынын айтты.

Бастысы, халықтың МӘМС жүйесі қолданысқа енгізілгеннен кейін қандай әсер беретінін түсінгені маңызды. Себебі, Қордың өңірлік жеткізуші мекемелерінің қызметін жергілікті тұрғындардың көпшілігі пайдаланады. Павлодар қаласында өткен өңірлік штаб отырысына қатысқан МСҚ басқарушы директоры Нұрлан Қасымов та халықты жаңа жүйе жөнінде ақпараттандырудың маңыздылығы туралы ерекше атап өтті.

Облыс әкімінің орынбасары Асхат Оралов Павлодар облысында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп жатқанын жеткізді. Медициналық сақтандыруға қатысты көрнекті ақпарат көше билбордтарында, LED-экрандарда, қоғамдық көліктер, ТВ, радиоларда бейне және аудио роликтер насихатталуда.