Қазақстан • 27 Тамыз, 2019

Еңбек реформалары – уақыт талабы

392 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы Бас кеңесінің отырысы өтті.

Еңбек реформалары –  уақыт талабы

 Отырыс барысында Фе­дера­ция төрағасы Бақытжан Әбдірайым Кәсіподақтар фе­дерациясының 2018-2019 жылдарға арналған жаңғырту жол картасы бойынша атқа­рылған жұмыстары туралы баяндады. Бұл құжатта әлеу­меттік әділеттілікті насихат­тау және еңбеккерлердің құқығын қорғау шаралары негізге алынған.

«Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев Кәсіподақтар федерациясы қазақстандықтарды Төр­тінші өнеркәсіптік рево­люцияның жаңа шарттарына әлеуметтік бейімдеу үшін қозғаушы күш болуы тиістігін атап өтті», деді Б.Әбдірайым.

Федерация бас­шысы кә­сіп­одақтар қызме­тіндегі өзек­­ті мәселелерге, соның ішінде ұжымдық шарт­тар­дың санын арттыру, еңбек дауларын шешу, еңбек қа­ты­настарын заңдастыру, жұмыс орындарын сақтау және қауіпсіз еңбек шарттарын қалыптастыру мәселе­леріне тоқталды. Жол карта­сының басым бағыттары, со­ның ішінде Халықаралық еңбек ұйымдарының стандарттарын насихаттау және кәсіпорындарда әлеу­мет­тік тұрақтылықты қам­тамасыз ету мәселелері ай­тылды. Сон­дай-ақ Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқаев­тың әлеуметтік баста­мала­рының өзектілігі және кәсіп­одақтардың басты құн­дылық­тарымен үйлесім табатыны аталып өтті.

Бас кеңестің мүшелері елі­­­мізде орын алып жатқан әлеу­меттік-еңбек реформалары уақыт талабы деп санайды. Бұл реформалар кәсіподақтар қызметін жаңғырту және Ең­бек адамын қорғау тиім­ділігін арттыру үшін бағыт-бағдар болуы тиіс. Осы ретте әлеуметтік әріптестіктің ерек­ше рөлі мен әріптестікті ны­ғайту маңыздылығы  атап көр­сетіл­ді.

Б.Әбдірайым атап өткен­дей, ел Үкіметі, Кәсіподақтар феде­рациясы және «Атаме­кен» ҰКП арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған бас келі­сім, сонымен қатар 21 салалық және 16 аумақтық келі­сімдер кәсіподақтардың үшжақты комиссия, дағда­рыс­қа қарсы штаб, қоғамдық және үйлестіру кеңестерінің отырысына кеңінен қатысуына мүмкіндік берді. Үшжақты комиссия аясында мүше ұйым­­дар тиісті салалардағы кәсіподақ ұйымдарының қыз­метін біріктіре алды. Әлеу­меттік әріптестермен өзара ынтымақтастықтың айқын дәлелі – Кәсіподақтар федерациясына мүше ұйымдар санының 18-ден 23 салалық кәсіподақтарға артуы. 40 мың еңбеккерді қамтитын 500-ге жуық бастауыш кәсіподақ ұйымдары құрылды.

Отырыс барысында кәсіп­­одақ мүшелерінің саны 45 мың­ға жуық «QAZMED» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы федерация құрамына қабылданды.

Жұмыс нәтижелерін қоры­та келе, Бас кеңес мүшелері Премьер-Министрдің орын­басары Бердібек Сапар­баев­тың әлеуметтік әріптестік та­раптары арасында өзара тиімді байланыс жүйесін қа­лыптастыруға қосқан үле­сін жоғары бағалай отырып, «Үздік әлеуметтік әріп­тес» белгісімен марапатта­ды. Сон­дай-ақ аймақтық дең­гейдегі әлеуметтік әріптестікті да­мытуға қосқан зор үлестері үшін Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовты және Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты осы бел­гімен марапаттау туралы шешім қабылданды.