Іс Түркістан облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды. Айыпталушыларға топ болып, бұзақылық ниетпен адам өлтіру және адам өлтіруге оқталу баптары бойынша айып тағылған.
Сот материалдарына сәйкес, 2025 жылғы 29 қазанда Төлеби ауданының Загамбар ауылындағы көлік жуатын орын аумағында айыпталушы О. қоғамдық орында, болмашы себеппен жәбірленуші С.-ны соққыға жыққан. Кейін ол оқиға орнына келген А. мен М.-ға пышақ қолданған.
Әйелін суға батырып өлтірген Павлодар тұрғыны 15 жылға сотталды
Ауыр жарақат алған Мағжан Бимырза оқиға орнында қаза тапты. Ал шабуыл жасаушы оның 22 жастағы бауырына да бірнеше рет пышақ сұғып, оқиға орнынан бой тасалаған.
Екінші айыпталушы шабуылды тоқтатпағаны үшін, соттың анықтауынша, қылмысқа сыбайлас ретінде танылды.
Прокурор айыпталушыларға 15 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Жәбірленуші тарап соттан ең қатаң жазаны тағайындауды талап етті.
Сот барысында айыпталушы О. өз кінәсін ішінара мойындап, жазаны жеңілдетуді сұрады. Ал айыпталушы К. тек бұзақылық эпизодын мойындап, қалған айыптар бойынша ақтауды өтінді.
Сот шешімі бойынша бір айыпталушыға 20 жыл, екіншісіне 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сот олардан қаза тапқан азаматтың отбасына 25 миллион теңге моральдық өтемақы өндірді.
«Ақтөбе – Алматы» пойызындағы кісі өлімі: Күдікті тоғыз жылға сотталды
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ және апелляцияға берілуі мүмкін.
Айта кетейік, оқиғадан кейін күдіктілер жедел ұсталып, тергеу барысында уақытша ұстау изоляторында қамауда болған.