Қадағалау органының мәліметінше, қайғылы оқиға өткен жылдың қазан айында қызметтік сапар кезінде болған. Пойыздың дәмхана орналасқан вагонында үш әріптес алкогольдік ішімдік ішкен. Осыдан кейін екі ер адамның арасында жанжал туындаған.
«Вагонның тамбурында жолаушылардың бірі әріптесіне бірнеше рет пышақ жарақатын салған. Алған жарақаттарының салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды», деп хабарлады Бас көлік прокуратурасы.
Сот айыпталушыны Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оны 9 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енді.