Қоғам • 28 Тамыз, 2019

Қыркүйекте Парламентке 6 заң жобасы ұсынылады — М. Бекетаев

264 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Үкіметте өткен баспасөз конференциясында Әділет министрі Марат Бекетаев жаңа маусымда ҚР Парламентіне ұсынылуы жоспарланған заң жобаларының портфелі туралы айтып берді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.           

Қыркүйекте Парламентке 6 заң жобасы ұсынылады — М. Бекетаев

М. Бекетаев желтоқсан айында қабылданатын Заң жобалары жұмысының жоспары бар екенін атап өтті. Осы Жоспарға сәйкес бірқатар заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне жіберіледі деп күтілуде.

2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 19 заң жобасын ҚР Парламентіне енгізу жоспарланған болатын. Бүгінде 9-ы енгізілді. Бір заң жобасын енгізбеу туралы шешім қабылданды.

«Себебі оны реттеу аясы жеткілікті түрде ауқымды емес. Бұл мәселені (асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселесі) неғұрлым нақты зерделеу кезінде Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл заң жобасын енгізуден бас тартуға шешім қабылдады және оны белгілі бір мерзімге кейінге қалдырды», — деп түсіндірді министр.

Қалған 9 заң жобасының үшеуі тамыз айының соңына дейін Парламентке жолданады. Алтауы қыркүйек айында жіберіледі.

Сонымен бірге, М. Бекетаев жаңа саяси маусымда жаңа заң жобаларын қабылдау қажеттілігі туындайтынын айтты.

«Мемлекет басшысының әр Жолдауынан кейін оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары құрылатынын білесіздер. Сессияның ашылуында Мемлекет басшысының Жолдауы жарияланады деп жоспарланған. Заң жобаларының қосымша тізімі де жасалады деп болжауға болады. Бұл тізімдегі мерзімдер қаталырақ әрі қысқарақ болуы мүмкін», — деді М. Бекетаев.

Сонымен қатар Әділет министрі заң нормаларын шығару қызметін жетілдіру мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер пакетінің қабылдануымен жаңа заңдарды қабылдау мерзімдерін бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтілетінін атап өтті.

«Үкімет регламентіне біз ұсынып жатқан өзгерістер жауапкершілікті күшейтуді көздейді. Егер қазіргі уақытта бұл вице-министрлер болса, біздің ұсынысымыз бойынша министрге үлкен жауапкершілік жүктелуі керек. Егер қазір мерзімді бір рет жазасыз қалдыруға болатын болса, екінші көшіру вице-министрге шара қабылдауды қамтыса, биыл бұл мәселені күшейту жоспарлануда. Бұл заң жобасы Парламентке ұсынылады, қандай да бір уақытта қабылданады, бірақ біз мемлекеттік органдар бұл тетіктерді қандай да бір деңгейде қазір, заңның қабылдануын күтпей-ақ, қолданғанын қалаймыз», — деді министр.

Некені жедел тіркеу туралы журналистердің сұрағына жауап берген М. Бекетаев некеге тұруға өтініш бергеннен кейін бір ай күту ең оңтайлысы екенін атап өтті.

«Жеке пікіріммен бөлісер болсам, әрекет етіп тұрған заңнама оңтайлы реттеуді қарастырады және ол жеткіліксіз болуы мүмкін, өйткені ажырасу фактілері өте көп. Қазір “Кейінірек келіңіз” деп айту да дұрыс шығар, жастар эмоционалды күйден өтіп, біраз уақыттан кейін, бәрін дұрыс ойланып, ата-аналарымен ақылдасып барып, қарым-қатынастарын тіркегені дұрыс шығар», — деп баса айтты Марат Бекетаев.

Қорытындылай келе, Әділет министрі заңдардың жиі өзгеруі қазіргі қоғам үшін қалыпты үрдіс екенін атап өтті.

«Заңдардың қабылданып, оларға 10-20 жыл ішінде ешқандай өзгертулер енгізілмейтін уақыттарды еске алу, бұл - дұрыс түсінік емес. Себебі заңдардың жиі өзгеру жағдайы Қазақстанға ғана тән емес. Бұл қазір бүкіл әлемде ғылымның, технологиялардың жедел дамуына байланысты болып отырған жағдай», — деді М. Бекетаев.

Оның айтуынша, мүлдем жаңа қатынастар туындауда. Бұған дейін интернет болған жоқ, технологиялар соншалықты жиі өзгермейтін. Мысалы, кибервалюта пайда болды. Бұл — жаңа қоғамдық құбылыстар, реттеуді қажет ететін құқықтық қатынастар және бұл заңдарға өзгерістер енгізуді талап етеді.

«Егер біз заңдардағы өзгерістерге ілесіп отырмасақ, біз инвесторларды тарту бойынша, бизнесті ішкі реттеуде басқа юрисдикциялармен бәсекеге түсе алмаймыз, онда біздің компанияларымыз жаңа жағдайларға тез бейімделетін елдер сияқты бәсекеге қабілетті болмайды. Сондықтан өмірдегі өзгерістерге ілесіп, заңнаманы бейімдеу өте маңызды», — деді министр.