29 Тамыз, 2019

Роман Григорчук: Жасыл алаңнын жағдайы ойынға кері әсерін тигізбейді

260 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Астана» футбол клубының бас бапкері Роман Григорчук Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі БАТЭ-ге қарсы қарымта матч алдында баспасөз мәслихатына қатысып, журналистердің сұрғана жауап берді.

Роман Григорчук: Жасыл алаңнын жағдайы ойынға кері әсерін тигізбейді

– Ел чемпионатындағы «Таразға» қарсы өткен ойында Юрий Логвиненко мен Фирмин Мубеле ойынға қатысатын футболшылардың тізіміне енген жоқ. Олардың жағдайы қалай?

– Дәл қазіргі уақытта барлық футболшы ертеңгі ойынға дайындалып жатыр. Негізгі құрамда кімдер шығатынын ертең түстен кейін анықтаймыз. 

– Жанкүйерлерде команда не үшін Борисов қаласына емес, Минскте жаттығу жасап жатыр деген сұрақ туындауы мүмкін?

– Жаттығу үшін бір жарым сағат жол жүрудің қажеті жоқ деп есептеймін. Көмекшілерім «Борисов-Аренаның» жағдайымен жіті танысып келді. Ойын тағдырын алаңның жағдайы шешді деп ойламаймын. Сондықтан уақыт жоғалатпай, Минскте жаттықданды дұрыс деп шештім.

–  Борисов қаласында өмір сүру жағдайы Минсктен артта қала ма?

– Бұл жерде (Минскте) жаттығу үшін өте қолайлы жағдай жасалған. Сондықтан осы қаланы таңдадық.

– Ұзақ сапар командаға қаншалықты кері әсерін тигізеді? 

– Футболшылар үшін бұл үйреншікті жағдай. Сапаралу, қала мен алаңға үйренісу – бұл біздің өміріміз. Біз кез келген жағдайда тез бейімделуіміз керек. 

 – Қарымта кездесу алдында екі негізгі ойыншының келісімшартын ұзартуы қосымша сенімділік бере ме? 

– Бізге қазір кім келісімшартын ұзартты, кім ұзартайын деп жатқаны маңызды емес. Маңыздысы – ертеңгі жауапты ойын болмақ. Бізде кәсіби футболшылар жиналған. Сондықтан бұл жағдайлар ертеңгі ойынға әсерін тигізбейді. Футболшылар келісімшартқа емес, ойынға мән беруі керек.

– Роман Мұртазаев ұлттық құрамада ойнау үшін не істеу керек деп ойлайсыз?

– - Қайталап айтайын, менің бар ойым дәл қазір ертеңгі кездесуде. Сондықтан, ол туралы ештеңе айтқым келмейді.

– Ертең қарсы шабуылға иек артасыз ба әлде допты көбірек өз бақылауда ұстауға ма?

– Білесіз бе, ертеңгі матчтың жоспары біздің ең маңызды құпиямыз. Сондықтан жоспарды ашып айта алмаймын. Жоспарды талықлау, маңызды кездесу алдында айту – дұрыс емес деп есептеймін. 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50