20 Ақпан, 2013

Қазақы қалып пен қазіргі заман үйлесе ме?

299 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін

Қазақы қалып пен қазіргі заман үйлесе ме?

Сәрсенбі, 20 ақпан 2013 7:09

Бірде бастығым: «Кеше се­ні келіп жамандады. Сақ бол. Өзі әркімнің үстінен өсек те­ріп жүретін нашар адам екен. Жұ­­­мыстан шығарып-ақ жіберер едім, өзінің бізге жақындығы да бар. Бұрындары біз де нашар тұр­ғанбыз. Сонда отбасымызға бір аға­сының көп шарапаты тиген еді. Оның үстіне, «қарға тамырлы қа­зақпыз». Той, өлім-жітім бар де­­гендей. Кейін де талай рет бас қосамыз ғой. Маған дейін де ос­ын­да жұмыс істеп келеді…», деп күмілжіді.
Айтып отырғаны екінші қа­­­батта отыратын жауапты қыз­мет­керлерінің бірі. Оны көп адамдар жақтырмайды. Алғаш, қызметке кіргенде, көңілі жақын адамдар содан сақ бол деп өзіме де ескерткен.

Сәрсенбі, 20 ақпан 2013 7:09

Бірде бастығым: «Кеше се­ні келіп жамандады. Сақ бол. Өзі әркімнің үстінен өсек те­ріп жүретін нашар адам екен. Жұ­­­мыстан шығарып-ақ жіберер едім, өзінің бізге жақындығы да бар. Бұрындары біз де нашар тұр­ғанбыз. Сонда отбасымызға бір аға­сының көп шарапаты тиген еді. Оның үстіне, «қарға тамырлы қа­зақпыз». Той, өлім-жітім бар де­­гендей. Кейін де талай рет бас қосамыз ғой. Маған дейін де ос­ын­да жұмыс істеп келеді…», деп күмілжіді.
Айтып отырғаны екінші қа­­­батта отыратын жауапты қыз­мет­керлерінің бірі. Оны көп адамдар жақтырмайды. Алғаш, қызметке кіргенде, көңілі жақын адамдар содан сақ бол деп өзіме де ескерткен.

«Еншіміз бөлінбеген» деп жатамыз. Қонақжайлығымызға мақтанамыз. Ауызбірлігіміздің сақ­талып, ынтымағымыздың жарасып отырғанына да осындай бөлінбеген дастарқанымыздың аз да болса септігі тиюде. Ұлы даламызбен біте қайнасып кеткен ұлттық болмысымыз бізді басқа халықтардан даралап тұрады. Жеті атамызды ұмытпай, «жеті жұрттың қамын жейтінімізді» несіне жасырамыз. Әрі-беріден кейін бойымызға қанымызбен сіңген ол қасиетіміз бабалар салып кеткен сара жолдан айнымау десек те болады. Қазақы тәрбие алған әр адамда «қарыс-қарыс, сүйем-сүйем» деген болады. Бұл – кісілік келбетімізді толықтырып тұратын, бабалардан қалған өнегенің бірі. Жаратылысымыздан бойымызға ана сүтімен бірге сіңірілген парасат биігі мен ақыл-ой кемелділігін, бауырмалдығымызды паш ететін, ұлттық табиғатымызға жан бе­ріп, әрлендіріп, жүрегімізге мейі­­­рімділік шуағын құятын, жақын­дарымызды қашан да бауырымызға тартып тұратын қасиетіміз үшін мақтансақ та болар еді. Бірақ…
Ана жылдары аудандық қар­жы бөлімін жақын ағамыз бас­қарды. Аузы дуалы, айтқаны бо­лып тұрған беделді кісі еді. Бөлім аудан орталығы Бақанас ауы­лында орналасқан. Өз ауылы аудан орталығынан 200 ша­қы­рымдай жерде еді. Орынбасарынан бас­тап, бөлімдегі қызметкерлерінің барлығы, жүргізушісі, еден жуатын жұмысшысына дейін тек өз ауылынан болды. Басқа ауылдың адамдарын бөліміне жұмысқа қабылдамайтын.
Жерлестік туралы ол кездері ешқандай сөз болмайтын-ды. Сыбайластық, жемқорлық туралы заң да жоқ еді. Әйтеуір, артынан ешқандай жаман сөз ерген жоқ. Ол кісіні білетіндер әлі күнге дейін ілтипатпен еске алып отырады.
Барлығы қазақы тәрбие дегеннен шығады. Мемлекет, қоғам алдында жауапкершілік бар да, туған-туыс, құда-жегжат арасында сыйласымдылық бар. Ұзақ жыл бір лауазымды қызмет атқарған адам кемел ақыл, терең білім иесі болмаса «қарыс-қарыс, сүйем-сүйем» деп жүріп, айналасына өз адамдарын топтастырып алғанын байқамай да қалуы мүмкін. Қарға тамырлығымыздың осындай кем тұстары да бар. Осы жағын ой­­­­лағанда Тұңғыш Президент Нұр­сұлтан Назарбаевтың кадр саясаты жөнінде жүргізіп отырған кемел саясатына дән риза боласың.
Мемлекеттік құрылым да бір тұстас жүйе. Онда алып тастайтын, немесе қажеті жоқ буын бол­­майды. Бүкіл қоғамды ілгері жылжытатын біртұтас қозғалтқыш десек те болады. Автомашинаның қозғалтқышының бір тетігі істен шықса іске қосылмайды емес пе? Құдды сол іспеттес.
Еліміз президенттік басқару жүйесін таңдағандықтан, жергі­лікті жерлерде қандай сала болса да кадр мәселесі әкімдіктің қа­тынасынсыз шешілмейді. Мейлі ол аудан прокуроры, немесе соты, ішкі істер бөлімінің, салық бас­қармасының бастығы болсын қызметке тағайындалу үшін алдымен әкімнің ақ батасын алуы керек. Бір жағынан ол жөн де. Өйткені, аудан әкімі жергілікті жердегі Елбасының сенімді өкілі. Өзі болмаса да көзі. Жергілікті халықтың жағдайын одан артық ешкім ойламайды. Бұл – оның төл міндеті. Оның үстіне, атқару билігінің күш­ті болғаны елдің әлеуметтік жағ­­дайын көтеруге де ыңғайлы. Бірақ мұның кемшін тұстары да бар. Ұзақ бір орында отырып қал­са, жоғарыда айтқандай, «қа­­­рыс-қарыс, сүйем-сүйем» деп жү­ріп, ай­наласына өз жақындарын топ­­тас­тырып алғанын да байқамай қалады. Биік мансап пен асқан бай­лықты екінің бірі көтере алмайды.
Бір ағамыз облысты басқар­ғанда департамент бастықтарының 70 пайызы өз ауылымыздан болып кеткен еді. Тіпті құқық қор­­­­­ғау саласының басшылары құ­да-жегжаттар болатын. Ор­та мек­тепті әзер бітіргендер жү­ріп-жү­ріп келіп, сырттай бір оқу­­­­­­­ды бітіріп алған соң белді бір қыз­меттердің тұтқасын ұстап жатты. Ол кезде елдің түсінігі де, көзқарасы да мүлде басқаша болатын. Қазіргі жағдайда ондай әрекетті сыбайластық туғызатын жанып тұрған ошақ десе де болады. Абайламасақ қазір де кадр іріктеуде сондай жағдайлар қалыптасуы мүмкін. Оған негіз де жоқ емес. Бірақ ағамыздың беделінің арқасында ол туралы кезінде ешқандай сөз қозғалған жоқ. Көреген көшбасшымыздың жүргізіліп жатқан кадр жөніндегі реформасы осындай кемшіліктерге жол бермейді.
Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, қазір кез келген мемлекет интеграциясыз, жеке-дара өркендей алмайды. Өмір көші үнемі ілгері жылжып отырады. Кеше ғана өзімізбен қатар тәуелсіздік алған, экономикасы тұралап қалған базбір республикалар да іргелерін бекітіп, даму жолына түсті. Кейбір шет мемлекеттер, математика тілімен айтқанда, арифметикалық өлшеммен емес, геометриялық, тіпті, триго­номе­трия­лық өлшеммен дамуда.
Айналамызда болып жатқан осындай оқиғаларды талдай отырып, тәуелсіздік алған 21 жылда қол жеткізген табыстарымызға тоқмейілсуімізге әсте болмайды. Күні-түні тынбай ізденіп, мем­лекетіміздің көркеюі үшін бар мүмкіндікті пайдаланып, ең бірінші, барынша білікті кадрларды іріктеуге баса көңіл бөлуіміз қажет. Кадрлардың «А» тобын қалыптастырғанда олардың іскер­ліктерімен қатар, білімдері басты негіз болуы тиіс. «Болашақ» бағ­дарламасы бойынша алыс шет мемлекеттерде оқып, тәжірибе жи­нақтаған кадрларды енді халық шаруашылығының барлық саласына пайдаланып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын барынша дамытуға қолайлы ахуал қалыптастыратын уақыт жетті. Өйткені, білімді адамның ойлау қабілеті анағұрлым жоғары, көретін көкжиегі де кеңірек болады. Білімді адам жаңаша, мүлде басқаша ойлайды.
Мәселен, марқұм Нұрмолда Алдабергенов атамыз кезінде арт­та қалған колхозды басқарып, іскерлігімен танылды. Екі мәрте Еңбек Ері атанды. Ол кісі осындай қабілетімен ауданды немесе облысты басқарса, бәлкім, аса іскер болып көріне алмас па еді?! Өйткені, атамызды табиғат қанша ақылды, іскер етіп жаратқанымен, ол кісіде аудан, облысты жақсы басқаратындай білім болған жоқ.
Кеңес өкіметі кезінде өндірісте жұмыс істесе болды «ысылды» деп кез келген қызметке қоя салатын. «Стол істеткізеді», деп айтатын-ды. Көптеген адамдар сегіз-он сыныпты бітіргеннен кейін, жоғары оқу орнын сырттай бітіріп, партияның ақ батасымен білдей бір мекемені басқарып жүре беретін. Қазір де солай ете беруге болады. Бірақ, жоғарыда айтқандай, интеграциясыз, өгіз аяңымызға қанағаттанып, өз буымызға өзіміз мастанып жү­­­­­­­ріп, көрші мемлекеттер дамуы­­­нан, өркениет көшінен қалып қо­юымыз мүмкін. Табиғат қанша­ма ақыл­ды етіп жаратса да, басқа­рып отырған саласына орай терең бі­лімі жоқ адам саланы өркендетеді деу, әсі­­ресе, қазіргі кезде қисынға келмейді.
Кеңес Одағы кезінде Қазақ­станда бірінші хатшылардың 72 пайызы зоотехникалық білімі бар адамдар болғаны белгілі. Ком­партияны ол кезде Қазақстан хал­қының жағдайынан гөрі ет мәселесі қатты алаңдататын. Қазір жағдай басқаша. Мал да, ет те керек шығар, бірақ тек төрт түлікті өсіріп қана мұратымызға жете алмасымыз анық.
Өркениет қанатын кеңге жай­ған уақытта «бір қойым екеу болса екен» деп, еңбек етуге болмайды. Ол – өгіз аяң. Қазіргі заман зымыран екенін ұмытпауымыз керек. Ақын Қасым Аманжолов жазғанындай, балаларымыз бүгінде өнер, ғылым, білімге ұмтылып, «аспаннан жұл­дыз» қағуы керек. Кадрларды елге­зектігіне, кішіпейілдігімен кө­ңіліңнен шыға білетіндігіне, дастарқан жайып, қонақты жақ­сы күте алатындығына қарап ірік­тейтін заман әлдеқашан өткен.
Бауырмалдық пен туыстық, сыйластық, қайырымдылық бол­мыс-бітімімізбен біте қайн­асқан. Онсыз ұлт ретіндегі қалыптасқан бейнемізден айырылып қалуымыз мүмкін. Сыбайластыққа жол ашады деп қазақы қалпымызды бойымызда мүлдем сылып тастау­ға да болмайтыны ақиқат. Бірақ сый­лас­тық, қамқорлық бір бөлек те, сыбайластық, жемқорлық мүлде басқа дүние. Алдыңғысы таза көңілден, ізгі ниеттен жасалады. Ондай жандардың жүрегінде мейірімділік тұнып тұрады. Басқа­лардан дараландырып, ажарландырып тұратын да осындай адами, ізгі қасиеттер. Ал соңғысы пай­дакүнемдіктен, қара ниеттен бастау алады. Оқыған, білімді, парасатты жандар олардың аражігін оңай-ақ ажырата алады.
Талай ақылды жандармен кездесіп, араласып жүрмін. Кей­бірі үлкен қызметте, сені­мге ие болып жүрген жандар. Олармен жолыққан сайын елімізде сондай ақылды адамдардың бар болғанына, еліміздің болашағына берік негіз қалап жатқанына іштей қуанып қайтамын. Ал керемет бай адамдармен кездескенде іштей өзімді бейшара сезініп, қастарынан тезірек кетіп қалғым келетіні де рас. «Япырма-ау, Жаратқан маған осыларға бергендей байлық берсе, мені жер көтере алмай қалатын шығар», деп ойлайтыным да бар. Әрине, ондайды қазақ бір сөзбен «пендешілік» деп атайды.
Ұлы Абай Құнанбаев атамыз: «Өзі үшін өмір сүрген адам, от­таған хайуанмен тең», деп қа­лай дәл тауып айтқан. Өзінің қара басының қамын ойлау бар да, бүкіл ұлттың, қоғамның, мем­лекеттің қамын ойлау бар. Кез келген адам көшбасшы бола алмайды. Бірақ ұлтқа, халыққа қызмет ету әрбір саналы Қазақстан азаматы үшін ұлы мұрат болуы шарт. Осындай мақсатпен еңбек етіп, өмір сүргенде ғана тәуелсіз елімізді өркендете аламыз.

Марат ҚАШҚЫНБАЕВ.

Алматы облысы,
Балқаш ауданы.