Аймақтар • 29 Тамыз, 2019

Үздік әлеуметтік жобалар анықталды

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Алматыдағы Достық үйінде «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауының жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті.

Үздік әлеуметтік жобалар анықталды

Бұл конкурс «Nur Otan» партиясының 2030 жылға дейінгі «Әл-ауқат қоғамы: онжылдықтың 10 мақсаты» бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру мақсатында өткізілді. Комиссия құрамына «Nur Otan» партиясы, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, мүгедектер мәселелері бойынша әкімнің кеңесшісі кірді.

Байқауға ҮЕҰ, қоғамдық бірлестіктер, мүгедектер ұйымдары, халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға бағытталған өзге де мекемелер мен ведомстволар қатысты.

Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасымен барлығы 14 өтініш қабылданды.

«Мектепке жол» акциясы балаларды қуантты.

Сонымен бірге сол күні «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С. Канкуров және «Жан-М» ЖШС басшысы, Бостандық аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Б. Жұмабаев «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға жаңа оқу жылына арнап мектеп құрал-жабдықтарын табыстады.

Іс-шара барысында оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар оның ішінде мектеп формасы, сөмкелер, дәптерлер, кеңсе тауарлары  табысталды.

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы көп балалы отбасыларға қолдау көрсету мақсатында  3000-нан астам балаға мектепке қажет құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті.Аталмыш акцияда көп балалы отбасылардың сыйлықтарға ие болған бүлдіршіндер үйлеріне қуанып қайтты.

                                                                                                          

АЛМАТЫ