Аймақтар • 30 Тамыз, 2019

Павлодарда тұрғындарды қабылдау күні өтті

145 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Еліміздегі Конституциялық Кеңес «Негізгі Заң апталығы» жобасын бастап кетті. Апта­лықтың мақсаты – еліміздің Не­гізгі Заңына деген халықтың наза­рын аудару, жалпы, халық­тың конституциялық мәдениетін арттыру.

Павлодарда тұрғындарды қабылдау күні өтті

Осы апталық жоба барысында өңір­дегі Әділет департаменті Nur Otan пар­­тиясының жергілікті қоғамдық қа­былдау бөлмесінде тұрғындарды қабылдау күнін өткізді.

– Апталық жоба, яғни «Негізгі Заң апталығы» өтетіні жайлы естідім. Бұл апталық қарапайым халықтың күнделікті тірлік барысында заң орындарына, құқық саласының мамандарына жеткізе алмай жүрген сауалдарының жауабын алуға мүмкіндік беруде, – дейді Хабиба Мөлдекова.

– Тыйым салынған есепшотты шешуге байланысты сұрағым бар еді. Заң­гер­лер бәрін де нақты түсіндіріп берді. Негізі, Заң апталығы айында бір рет болса да тұр­ғындарға қажет, – дейді Ақылбек Бекішов. Департамент мамандарының айтуынша, апталық барысында 20-дан астам тұрғын нақты, түсінікті, құқықтық көмек алды. Бұл құқықтық көмектер зияткерлік меншік нысандарын тіркеу, жылжымайтын мүлікті тіркеу, заң бо­йынша мұраны қабылдау, неке қию, тууды және өлімді тіркеу, несие алу арқылы алаяқтық әре­кет­тер жасау, алимент төлеу және басқа да мәселелер қабылдау барысында түсін­дірілді. Облыстық Әділет департаменті бас­шысының орынбасары Шынар Табы­лованың айтуынша, апталық алдағы 28, 29 күндері де жал­ғасады. Департаментте Ашық есік күні тұрғындарды қабылдау жүргізіледі.

– Жалпы, алимент мәселесі бо­йынша сұрақтар көп түседі. Али­мент­тен жалтарғандар әкімшілік жауап­кер­шілікке тартылады. Оны төлейтін адам­дарға мойнындағы қарызын өтеу­ге міндетті екенін түсіндіреміз, – дейді.

Сонымен қатар Әділет департаменті қызметкерлері Адвокаттар алқасымен, облыстың Нотариаттық палатасымен, жеке Сот орындаушыларының өңір­лік палатасымен бірлесіп қолда­ныс­тағы заңнамалар бойынша соттал­ған­дарға кеңес беру мақсатында АП 162/2 түзеу мекемесінде де болды.

Кездесу барысында сотталғандарға олар­дың жазасын өтеу кезіндегі құқық­тары, жаза мерзімі аяқталғаннан кейін олар­ды жұмысқа орналастыру тәртібі түсін­дірілді.

Сотталғандармен жеке әңгіме жүр­гі­зілді, оларға рақымшылық жасау туралы заңнама, қамаудағылардың еңбек құқық­тарына қатысты құқықтары мен міндет­тері түсіндірілді.

Сотталғандар Азаматтық хал акті­лерін тіркеу, сот шешімдерін қайта қарау және шағым жасау, сот­тал­ғандардың режі­мін ауыстыру, алимент төлеу мәсе­лелері бо­йынша да білікті заңгерлер кө­мегін алды.

– Бас бостандығынан айыру тү­ріндегі жазасын өтеп жатқан адам­дардың құ­қық­тық сауаттылығы мен мәдениетін арттыру мақсатында осындай іс-шараларды өткізу, олардың құ­қықтары мен міндеттерін түсіндіру тиімді әлеуметтік бейімделуіне ықпал етпек, – дейді заңгерлер.

 

Павлодар облысы