30 Тамыз, 2019

Қостанайлық сақшылар мереке күні марапатталды

502 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қостанай облысы Полиция департаменті Конституция күнін І.Омаров атындағы қазақ драма театрында ерекше атап өтті. Іс-шара барысында әйгілі жазушы Рахымжан Отарбаевтың әңгімесінің желісіне негізделген «Жемқорлық – дерт» қойылымы көрсетілді. Бұл туралы ПД Баспасөз қызметі хабарлады. 

Қостанайлық сақшылар мереке күні марапатталды

Еліміздегі ең маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. Биыл адам өмірінің құқықтарын қорғайтын Ата Заңымыздың 24 жылдығы. Мерекелік іс-шараға Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ардақ Ынтықбаев пен Парламент Сенатының депутаты Владимир Волков қатысты.

Жиналған қауымды алғаш болып полиция полковнигі Ардақ Қабыкенұлы құттықтады:

- Құрметті ардагерлер, әріптестер, қонақтар! Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Аз ғана уақыт ішінде біз босағасы берік және қарыштап дамушы мемлекет құрдық. Қазақстан экономикада, әлеуметтік және мәдени дамуда биік шыңдарды бағындыра білді. Осы жылдар арасында еліміз әлемдік аренада лайықты бағасын алды. Бүгінгі Қазақстанның әлемдегі жоғарғы беделі – бұл біздің тікелей ішкі жетістіктеріміздің, бейбітсүйгіш саясатымыздың және ірі халықаралық жобалардағы бастамашылығымыздың нәтижесі, - деді А.Қабыкенұлы.

Театрға жиналған тәртіп сақшылар жазушы Рахымжан Отарбаевтың әңгімесінің желісіне негізделген «Жемқорлық – дерт» қойылымын тамашалады. Спектакльдің режиссері – Дос Құбаш. Қойылым мемлекеттік органдардағы жемқорлықтың салдарын баяндайды. Күнделікті өмірде, қызметте сыбайлас жемқорлықтан теріс айналуды полиция қызметі арасында насихаттап, адал қызметке шақырды. Спектакльден ерекше әсер алған көрермен әртістерге шексіз алғс білдірді.

Бұдан соң мереке қарсаңында ішкі істер органдарының ардагерлері мен бірқатар қызметкер марапатталды.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен:

Тергеу басқармасы бастығының орынбасары, меншікке қарсы қылмыстарды тергеу бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Мадьяров Асылбек Нұрқожаұлына мерзімінен бұрын арнайы «полиция полковнигі» атағы берілді. Сонымен қатар, Жангелдин ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Талғат Сәбитұлына Атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделгеннен бір саты жоғары басшы құрамның арнаулы «полиция полковнигі» атағы берілді.

Сондай-ақ «Құқық қызметін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін» медалін Қостанай облысы ПД Штаб басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Богданұлы Дәулетов пен Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Сұлтанов Нарат Жанкелдіұлы кеудесіне тақты.

ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төс белгісін Жедел-криминалистикалық басқармасының криминалистикалық зерттеулер және есепке алу тобының бас криминалисі, полиция подполковнигі Алексей Владимирович Темный және жедел әрекет ету арнайы жасағының саптық бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Тоқтамысов Дәурен Мұратұлы иеленді.

Қазақстан Республикасы ІІМ Құрмет грамотасымен Қостанай қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының аға сержанты, полицей-кавалерисі Ысқақов Нұрлан Өндрісұлы марапатталды.

Қазақстан Республикасы ІІМ грамотасымен Ұзынкөл ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары тобының учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Денис Викторович Несин марапатталды.

ІІМ Алғыс хатымен Науырзым ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Баймурзина Орал Тұмұрзаұлы және құқық бұзушылықтарды анықтау және өз қауіпсіздігін жедел басқару, жедел ден қою тобының жедел уәкілі, полиция капитаны Қалиев Батырхан Батырханұлы марапатталды.