30 Тамыз, 2019

Өскемендегі О.Бөкей атындағы кітапханада «Букросинг» бұрышы ашылды

1030 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазіргі уақытта букросинг аймағы еліміздің 17 қаласында бар.

Өскемендегі О.Бөкей атындағы кітапханада «Букросинг» бұрышы ашылды

 r3n

Кеше Жастар жылы аясында Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы кітапханада «Букросинг» бұрышы салтанатты түрде ашылды. Аталмыш бұрыш Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің гранттық қаржыландыруы аясында «Social Devorment Center» қоғамдық қорының қолдауымен ашылып отырғанын айта кетейік.

«Букросинг сөзі ағылшын тілінен аударғанда кітаптың айналымда жүруі деген мағынаны білдіреді. Букросинг ең алғаш 2001 жылы АҚШ-та қолданысқа енгізілген. Қазір Германия бірінші орында тұр. Біздің елімізге, оның ішінде Алматыға 2009 жылы келді. Қазіргі уақытта букросинг аймағы еліміздің 17 қаласында бар. Осы ретте бастамамызға қолдау білдірген Өскемен қалалық Жастар ресурстық орталығына және Оралхан Бөкей атындағы кітапхана ұжымына алғыс білдіреміз» деді қордың өкілі Асхат Байтөре.

кітап

Өскемен қалалық Жастар ресурстық орталығының директоры, қалалық мәслихат депутаты  Ринат Ахметжанов мұндай кітап алмасу сөрелері облыс орталығында ШҚМУ мен Қазақстан-Америка еркін университеті қабырғаларында ашылғанын жеткізіп, бұрыштың ашылуымен құттықтады.

кіт

Оралхан Бөкей атындағы кітапхана директоры Хабиба Ақжігітова Жастар жылында жастарға арналған жобаның жүзеге асып жатқаны жағымды жаңалық екенін атап өтіп: «Кітапханашылар бұл жобаға ерекше қуанып жатырмыз. Неге десеңіз, букросинг жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырады. Ұлы Абай да, Шәкәрім де кітап оқыған. Бил Гейтс, Илон Маск, Марк Цукерберг секілді әлемге әйгілі адамдардың барлығы да кітап оқудан қол үзбеген. Сондықтан біздің кітапхананы таңдағаны үшін ұйымдастырушылар мен жоба жетекшілеріне ризашылығымызды білдіреміз» деді.

кіт 1

 Кітап алмасу сөресінің ашылу салтанатына өскемендік белгілі жазушы, орнитолог Борис Щербаков та қатысып, жастарға кітапқа қатысты ақыл-кеңестерін айтты.

Реті келгенде айта кетейік, кітапхана қабырғасында ашылған сөреге келесі жылы 175 жылдығы атап өтілетін ұлы ақын Абайдың есімі берілді.

ӨСКЕМЕН