01 Қыркүйек, 2019

«Tamasha TV» телеарнасына 1 жыл толды

1141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан» РТРК» АҚ-қа қарасты «Tamasha TV» телеарнасының эфирге шыққанына 1 жыл толды деп хабарлайды «Қазақстан» РТРК» АҚ Баспасөз қызметі. 

«Tamasha TV» телеарнасына 1 жыл толды

Қазақстандағы алғашқы ойын-сауықтық арна 2018 жылдың 1 қыркүйегінде тұсауын кесті. Телеарна эфирінен әзіл-сықақ бағытындағы бағдарламалар, тақырыптық концерттер, шығармашылық кештер, сондай-ақ, әзілге құрылған телехикаялар мен ситкомдар көрсетіледі. 

"Басты мақсаты – қазіргі нарықта бар қазақ әзілін бір ортаға тоғыстырып, көрерменге сапалы телеөнім ұсыну. Күніне 20 сағат бойы хабар тарататын арна көпшілікке «Otau TV» ұлттық жерсеріктік телерадио хабар тарату желісі және «Alma TV», «ID TV» кабельдік операторлары арқылы қолжетімді. 2019 жылы республика аумағында хабар тарататын міндетті телеарналар тізіміне енді" деп жазылған телерадиокорпорацияның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Бір жыл ішінде «Tamasha TV» арнасының «Әзіл-Дастан», «Бәрі келді», «Тамаша Club», «Tamasha_like», «Жорға сұхбат», «КүлTube», «Мерекеңізбен!», «Бір ғанибет», бағдарламалары көпшілікке кеңінен танылып үлгерді. Сондай-ақ телерадиокорпорация мұрағатында жылдар бойы сақталған, кезінде көрерменнің көңілінен шыққан танымал ойын-сауықтық бағдарламалар ұсынылып келді.

Айтпақшы, бүгіннен бастап арна көрерменге жаңа логотиппен жол тартты. Сонымен қатар телеарна «Түнгі қала», «Қош көрдік», «Импровиз шоу», «The Өмір» сияқты бірнеше жаңа жобасын ұсынады.

Соңғы жаңалықтар