Қазақстан • 02 Қыркүйек, 2019

Мерейтой барысында ысырапшылдыққа жол берілмеуі керек - Президент

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларында ысырапшылдыққа жол бермей, ғұлама тұлғаларымыздың еңбектерін халық арасында дәріптеуіміз керек. Бұл туралы Президент бүгінгі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына алғашқы Жолдауында айтты. 

Мерейтой барысында ысырапшылдыққа жол берілмеуі керек - Президент

«Келер жылы аталып өтетін  маңызды мерейтойлар мен елеулі оқиғаларға дайындық жұмыстары басталды.Ендігі жылы бәріміз Әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын атап өтеміз.Мерейтой барысында ысырапшылдыққа жол бермей, ғұлама тұлғаларымыздың еңбектерін халық арасында дәріптеуіміз керек», деп атап өтті Мемлекет басшысы. 

Қ. Тоқаев Тәуелсіздіктің отыз жылдығына байланысты іс-шараларға тоқталды. 

«Сондай-ақ, ең маңызды мерекеге – Тәуелсіздіктің отыз жылдығына байланысты тиісті іс-шараларды іске асыруымыз қажет. Ел өміріндегі осындай елеулі оқиғалар жас ұрпақты нағыз отаншылдыққа тәрбиелеуге жол ашады деп сенемін», деді Президент.