15 Наурыз, 2013

Болашаққа апаратын жол даңғыл да сара болуы үшін…

521 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Болашаққа апаратын жол даңғыл да сара болуы үшін…

Жұма, 15 наурыз 2013 2:11

Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыс­тарында «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» аймақтық форумы өтті. Іс-шараның басты мақсаты: замандастарымыздың позитивті дүниетанымы мен жасампаз күшін айғақтайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының жетістіктері тарихын ашып көрсету; Елбасы – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев стратегиясының жаңа тәуелсіз мемлекет орнатудағы табысын отандастарымыздың тағдыры арқылы көрсету.

 

Жұма, 15 наурыз 2013 2:11

Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыс­тарында «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» аймақтық форумы өтті. Іс-шараның басты мақсаты: замандастарымыздың позитивті дүниетанымы мен жасампаз күшін айғақтайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының жетістіктері тарихын ашып көрсету; Елбасы – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев стратегиясының жаңа тәуелсіз мемлекет орнатудағы табысын отандастарымыздың тағдыры арқылы көрсету.

Форумның эстафетасын Алматы облысында Кербұлақ, Ұйғыр және Панфилов аудандары қабылдады. Бүгінгі күннің мұндағы ерлерінің қатарында Алматы облысының құрметті азаматы Төленді Сарыбаев, Ұйғыр аудандық «Ардагерлер» ұйымы жанындағы әже­лер алқасының төрайымы Рая Сар­толова, Панфилов аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағымбек Үшбаев, Ұйғыр аудандық «Ардагерлер» ұйымының  төрағасы Нурвяг Сейітов, Қонаев атындағы орта мектептің директоры, Кербұлақ ауданының құрметті азаматы Күләш Меренбаева, аудандық ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрағасы Рақымжан Тохтахунов, Панфилов ауданы білім бөлімінің бастығы Бағира  Жазылбекова, Панфилов ауданы орталық ауруханасының бас дәрігері Төлеу Сарпеков, Кербұлақ ауданы жұмыспен қамту орталығының бас маманы, II республикалық «Жас Отан» ЖҚ съезінің делегаты Жанарым Хамидуллаева, Жар­кент гуманитарлық-техникалық кол­леджінің оқытушысы, жас маман Ержан Исаев, Сарыөзек орта мектебінің «Алтын белгіден» үміткер 11 сынып оқушысы Зере Маратқызы және т.б. болды.

«Мен Қазақстанда дүниеге келіп, осында өстім, – деп бастады өз өмірі жайлы сөз алған Шонжы ауылы №1 орта мектебі директорының орынбасары, Білім беру ісінің үздігі Екатерина Кожевникова. – Еңбек жолымды Шонжыда бастадым. Мектепте жұмыс істедім. Қазіргі кезде өткен күн мен бүгінгі күннің өзгерісін салыстырып қараймын. Білім беру жүйесінің қалай өзгеріске түсіп жатқанын, өмірімізге қандай жобалар енгенін, балалардың қалай өсіп келе жатқанын зор қанағатпен қабылдаймын! Шын мәнінде, толыққанды білімге қол жеткізбеген кез келген ұлт әлемдік үде­ріс­тердің интеллектуалды шекарасын­да қалып қояды да, ал мемлекет ешқашан олжалы бола алмайды. Сонымен бірге, жаһанданудың бүгінгі талабында білім ұлттың күш-қуаты мен дәулетін анықтайтын факторға айналуда. Бұл басымдықты еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та әр­дайым айтып келеді.

Өзімнің Қазақстан Республикасының азаматы болғаным кеудеме зор мақтаныш сезімін ұялатады. Бүгінде біздің экономикамыз өсіп келеді, адамдардың әл-ауқаты жақсара түскен, жаңа өндіріс орындары ашылып жатыр. Президенттің барлық жобасы мен жоспары іске асып жатыр, өйткені, оның артында біздің тұтас халқымыз тұр.

Әрбір елінің патриоты мемлекетінің жарқын болашағына шексіз сеніп қана қоймауы керек, сондай-ақ болашаққа апаратын жолдың даңғыл да сара болуы үшін аянбай бар күш-жігерін жұмсауы керек».

«Бүгінгі форум аудан жастарының ғана емес, Қазақстанның барлық азаматтарының кеудесіндегі патриоттық сезімдерін арттыратынына сенімдімін. Сондықтан өз атымнан  еліміздің болашағы – жас жеткіншектерге айтарым, қандай жағдай болса да, еліміздің қауіпсіздігін, тыныштығын, болашағын сақтау мен Отанымызды қорғау жолында күш-жігерімізді аямайық!», – деді жиналғандарды отаншылдыққа шақырған №2534 әскери бөлімнің әскери қызметкері Мехришат Ашимахунов. Бұл жай айтыла салған сөз емес еді. М.Ашимахунов 2010 жылы шекара бұзушыларды қолға түсіру барысында жарақаттанып, кейін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған болатын.

Өз жетістіктерінің тарихынан сыр шерткен әрбір спикерлер еліміздің басты байлығы – бейбітшілік пен келісімде жатқанын атап көрсетті, шынын айтқанда, қазіргі таңдағы кісі таңданарлық жетістіктерге онсыз қол жеткізу қиын болар еді.

«Қазақстанға келген сәтімнен бас­тап алдымнан шыққан қиын­дық­тарға қарамастан, көптеген қазақстан­дықтардың, соның ішінде менің де, отбасымның да туған жеріндей болып Отанымызға айналып үлгерген осынау қасиетті жерде өмір сүріп жатқаныма ешқашан өкінген емеспін, – деген ұстанымын ортаға салды №2091 әскери бөлімі командирінің орынбасары, Дон облысының тумасы И.Полозенко. – Әрдайым өзім қолдаған, әлі де қолдай беретін Президенттің даналығы мен шынайы күш-жігеріне сеніп, Қазақстан халқымен бірге не көрсем де бірге көрейін деп бел будым. Оған көз алдымыздағы халықтың әл-ауқаты мен экономиканың өсуі, халықаралық аренадағы беделіміз, әрбір отандастарымызға деген қам­қор­лық, еңбек пен шығармашылыққа беріл­ген еркіндік, еліміздің болашақ ұр­пақ­тарының игілігіне деген тыныштыққа куә болып отырғанымызды айтуға болады».

* * *

«Елімнің тағдыры – менің тағ­дырым!» аймақтық форумы Батыс Қазақстанда бірінші болып Жәнібек ауданында өтті. Осынау салтанатты шараға ауданның танымал адамдары, меморган өкілдері, ҮЕҰ, интеллигенция мен жас­тар шақырылды. Елінің тағдырымен сабақтасқан ғұмыры туралы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекет Әліпқалиев, аудандық мәслихат депутаты, Е.Ниетқалиев атындағы орта мектептің директоры Тоқтаған Үмітаева, «Здоровье» ЖШС директоры Нина Дуюнова, Т.Жароков атындағы орта мектептің химия пәні мұғалімі Мирасбек Төрешов пен аудандық жасөспірімдер мен балалардың спорт мектебінің аға жаттықтырушысы Сырым Байысов қатысты.

«…Дәріханалық ісімен айналыса бастаған кезде, қиындықтар аз болған жоқ, –  деп еске алады кәсіпкерлік жолындағы алғашқы қадамдарын еске түсірген Н. Дуюнова. – Бизнесті дамыту түрлі меморгандардың басшылары мен қарапайым тұрғындардың өзара түсіністігі мен көмек көрсетуіне жол ашты. Бұған, әсіресе, дәріханам өртеніп кеткенде анық көзім жетті. Сол кезде маған түрлі ұлт өкілдері мен кәсіп иелері қолдау көрсетті. Сонда мен біздің халқымыздың достығы мен бірлігінің берік екенін нақты ұқтым. Осындай мықты халықпен бірге кез келген шыңды бағындыруға болады!»

* * *

Бұл күні Отанға деген ең биік махаббаты туралы Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында аудан әкімі, ауған соғысының ардагері Қайрат Нөкеш, аудандық ардагерлер кеңесінің төр­аға­сы Мәдениет Сәтеков пен еңбек арда­гері Торғай Ақпанбаева, Ақтоғай археологиялық-этнографиялық мұра­жайының директоры Тұңғышбай Мұқан, аудандық жастармен жұмыс жасау орталығының бас маманы, аудандық мәс­лихаттың депутаты, «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы Мирас Қасымхан сөз сөйледі.

«Бар деген оңалады, жоқ деген жо­ға­лады» деген бабалар сөзін де естен шығармаған жөн, – деді ел алдында сөз алған М. Қасымхан. – Бір күн аш, бір күн тоқ болсаң да туған жеріңде кеудеңді кере демалып жүргенге ештеңе жетпейді. Қазақстанның алдағы асулардан сүрінбей өтуі үшін жастардан  қашанда белсенділік күтіледі.  Жұмылсақ жұдырық, ашылсақ алақан болсақ, бізді ешқандай дау да, ешқандай жау да ала алмасы анық. Біз, жастар еліміздің қоғамдық өміріне белсене араласып, оның өркендеуіне үлесімізді қосуға тиістіміз! Өйткені, біздің болашағымыз тікелей осыған байланысты!».

Еске сала кетсек, бірінші рес­пуб­ликалық «Елімнің тағдыры – ме­нің тағдырым!» форумы 2012 жыл­дың шілдесінде, елорда күні қар­саңында Астанада өткізілген бо­латын. Іс-шараның бастамашы­сы және ұйымдастырушысы көпфунк­ция­лы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық «Назар­баев орталығы» мемлекеттік мекемесі болды. Форум қоғамда кеңінен резонанс туғызып, оны ендігі кезекте жыл сайын елдің барлық аймақтарында өткізу туралы шешім қабылданды. 

Аймақтық форум екі кезеңде өт­кізіледі: біріншісі – аудандық деңгейде, екіншісі – облыстық, Астана және Алматы қалалары деңгейінде. Елорда күні қарсаңында Астанада өткізілетін «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» екінші республикалық форумына қатысуға лайықты дегендері жолдама алады.

Сәулебек КӨКШЕҰЛЫ.