Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2019

Жамбыл облысында бірқатар білім ошағы пайдалануға берілді

796 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Білім күніне орай Жамбыл облысында бірқатар білім ошақтары пайдалануға берілді. Жамбыл ауданы, Бірлесу-Еңбек ауылындағы 140 орындық орта мектептің ашылу салтанатына Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов арнайы қатысып, мекеме ұжымы мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

Жамбыл облысында бірқатар білім ошағы пайдалануға берілді

Бірлесу-Еңбек орта мектебі өңірдегі демографиялық өсімге байланысты орын тапшылығын жою мақсатында жаңадан бой көтерген білім нысаны. Жаңа білім ошағында балаларды сапалы біліммен қамту үшін барлық жағдай жасалған. Мектепте 18 оқу қабинеті, спорт залы, мәжіліс залы, асхана, 2 компьютерлік сынып, роботтехника және жаңа модификациялық кабинеттер бар. Сонымен қатар биыл мектепте барлығы 250 оқушы 2 ауы­сымда оқитын болады. Аталған мектепте 39 педагог қызмет етсе, оның 12,5 пайызы жас мамандар.

Білім күні қарсаңында Бай­зақ ауданының Ақшолақ ауы­лында да 120 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Салтанатты жиын «Өнер» мек­тебі өнерпаздарының мың бұ­ралған биімен ашылды. Аталған білім ошағының ашы­лу салтанатына облыс әкімі­нің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова қатысып, барлық ата-аналар мен мұғалімдерді, оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады. С.Құрманбекова өз сөзінде соң­­ғы бес жылда осы білім ме­ке­месінің оқушылары үш ауы­сымда оқып келгенін, биыл бұл мәселенің шешілгенін, өңір­де үш жылдан бері білім беру саласына бөлініп жатқан қар­жының көлемі үш есе артып, 130 млрд теңгені құрағанын, нә­тижесінде облыс бойынша бес мектеп жаңадан пайдалануға беріліп отырғанын жеткізді. Сондай-ақ мектеп ұжымына облыс әкімі А.Мырзахметовтің ар­­найы сыйлығын табыс етті. Бұдан кейін ауыл ақсақалы, ең­бек ардагері Қалман Бақтыбаев сөз алып, білім ошағының бой көтеруіне атсалысқан барша аза­маттарға алғысын білдіріп, мек­теп табалдырығын аттаған бал­дырғандарға сәттілік тіледі. Ашы­лып отырған жаңа нысанның лентасын С.Құрманбекова мен Қ.Бақтыбаев қиды. Жаңа бі­лім ордасы заманауи құрал-жаб­дықтармен қамтамасыз етіл­ген. Ғимаратта сапалы білім алу­ға қолайлы заманауи кабинеттер мен зертханалар, мульти­медиалық кабинеттер бар.

Білім күнінің қарсаңында Меркі ауданы, Қазақ-Дихан ауы­­лының тұрғындары да үлкен қуа­нышқа кенелді. Аталған елді мекенде 120 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Ең бас­тысы, ауыл балалары бас­тауыштан соң өз білімдерін жал­ғастыру үшін көрші ауылға қатынамайтын болды. Енді 120 орындық мектепте 100-ден аса оқушы білім нәрімен сусындаса, мұнда 27 мұғалім еңбек етеді. Білім нысанының ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев қатысып, мектеп ұжымы мен оқушыларды құттықтады. Сонымен қатар ол биыл өңірде 15 мектептің құрылысы жүргізіліп, оған 5 миллиардтан астам қаржы жұмсалып отырғанын, нәтижесінде апатты мектептер мәселесі шешімін тапқанын жеткізді. 2018 жы­лы құрылысы басталған нысан­ның мердігері – «Андас Групп» жауапкершілігі шектеулі се­рік­­тестігі. Ғимарат барлық талап­тарға сай жабдықталған.

Білім күні қарсаңында Шу ауданында да жаңа мектеп пай­далануға берілді. Ауданға қа­расты «Тоғай» шағын ауданынан 300 орындық жаңа білім ошағы бой көтерді. Осы уақытқа дейін «Тоғай» шағын ауданының тұрғындарына мектептің азды­ғы қиындық тудырып келген еді. Биыл бұл мәселе де өз ше­шімін тауып отыр. Жобалық құны 1,3 млрд теңгені құраған нысанға Тұрар Рысқұлов мектебі көшірілді. Білім ұясының ашылуына облыс әкімінің орынба­сары Нұржан Календеров қа­тысып, мұғалімдер мен ата-ана­ларды және оқушыларды білім күнімен құттықтады. Жаңа мектепте бар­лық жағдай жасал­ған. Оқу кабинеттері де қа­жетті құрал-жаб­дықтармен қам­тамасыз етіл­ген. Зейнеткер ұстаз Сейітқасым Беке­тайұлы жастарға білімді адам ғана тұлға болып қалыптаса ала­тынын, сондықтан да барлық талапқа сай мектепте тек жақсы оқу керектігін жеткізді. Ал мек­теп құрылысын жүргізген мер­дігер компания өкілі Дана Әшімбекқызы символикалық кілтті мектеп директоры Айгүл Серікқызына тапсырып, компания атынан арнайы сыйлық табыстады.

Сонымен қатар Т.Рысқұлов ауданы, Жалпақсаз ауылындағы 48 орындық бастауыш мектеп ел игілігіне берілді. Салтанатты шараға аудан әкімі Ерболат Са­дырқұлов пен облыстық Білім басқармасының бас маманы Жан­на Қалыбаева қатысты. Ауыл мектебі барлық талапқа сай жа­рақ­тандырылған.

Жалпы, өңірде 2019-2020 оқу жылында 5 мектеп пай­да­­­­лануға берілді. Оның 1-еуі үш ауысымды, 1-еуі апатты жә­не 3-еуі орын тапшылығы бар мектептің мәселесін шешті. Об­­­лыс әкімдігінің мәліметінше, жыл соңына дейін тағы 4 нысан пайдалануға берілетін болады. Биыл облыстың білім жү­­йе­сін қаржыландыруға 130 млрд теңге бөлінген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 22,2 млрд теңгеге артық. Оның 5,1 млрд теңгесі білім беру нысан­дарының құрылысы мен күрделі жөндеуге қаралып, бүгінде 16 білім нысанының құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, ай­мақ бойынша 28 мың балдыр­ған мектеп табалдырығын аттап отыр. Жамбылдықтар жаңа оқу жылын жаңа леппен бастады. Өңірде жыл сайын жаңа мектеп пен балабақшалар құрылысы қарқын алып келеді. Мемлекет тарапынан жасалып отырған мұндай қолдау болашақта елі­мізде білімді азаматтарды қа­лыптастыруға өзінің септігін ти­гізетіні анық.

Жамбыл облысы