«Жаңа оқу жылында біз студенттік тарифті жаңартуды шештік. Қоғамдық көлікте он рет тегін жүру мүмкіндігінің орнына жолақыны арзандаттық, енді жолақы небары 20 теңге. Әзірше арнайы баға тек төрт қалада қолданылады. Болашақта бұл сан екі есе көбейеді», дейді жобаны жүзеге асырушылар.
Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында жолақыны барлық автобус пен троллейбуста төлеуге болады.