Қазақстан • 06 Қыркүйек, 2019

Б.Тілеухан: Бұл – ел тарихындағы демократиялық қадам (видео)

383 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының алдында толғақты, елдің, бұқараның көкейінде жүрген нәрселердің бәрін айтуға мүмкіндіктің болуы - бұл шындығында ел тарихындағы демократиялық қадам деп есептейміз. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан Кеңес отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтты.

Б.Тілеухан: Бұл –  ел тарихындағы демократиялық қадам (видео)

«Мемлекет басшысының алдында толғақты, елдің, бұқараның көкейінде жүрген нәрселердің бәрін айтуға мүмкіндіктің болуы - бұл шындығында ел тарихындағы демократиялық қадам деп есептейміз. Жалпы айтылмай қалғаны жоқ. Жаңағы жерде ешкім ешкімнің ауызына қақпақ болған жоқ. Сосын әлеуметтік әртүрлі топта өзінің ойымен ерекшеленіп жүрген азаматтардың барлығының осы жерде сөз алуы кеңестің беделін ерекшелейтін дүние болды деп ойлаймын», - деді Бекболат Тілеухан.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде елімізді дамытуға және жаңғыртуға бағытталған бастамалар мен ұсыныстарды пысықтау ісіндегі Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің рөлін атап өтті.