Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2019

Солтүстік Қазақстан әкімі ЕҚЫҰ өкілімен кездесті

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов өңірге жұмыс сапармен келген Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары Ламберто Заньерді қабылдады.

Солтүстік Қазақстан әкімі ЕҚЫҰ өкілімен кездесті

Кездесу барысында  қоғамдық-саяси ахуал, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

«Елішілік татулық, келісім, бірлік, толеранттық тәуелсіз Қазақстанның басты ұстанымы болып табылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда жариялаған “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” Жолдауында  бұл мәселелерге  айрықша назар аударды. Ұлттық тұтастық қашанда халықтар арасындағы өзара түсіністік пен сенімге негізделеді», деді Құмар Іргебайұлы.

Ұлтаралық келісімнің бірегей қазақстандық үлгісі өңірде де өз жалғасын тауып келеді. Қазақстан халқы Ассамблеясысекілді бірегей құрылымның белсенді іс-қимылы арқасында түрлі этнос өкілдері бір шаңырақтың астында өзара  жарасым тауып отыр.

Ламберто Заньер мемлекеттің ұлт бірлігін нығайту, әртүрлі этностық топтардың тілдерін, мәдениетін дамыту бағытында атқарылып жатқан этносаралық және дінаралық келісімнің қазақстандық моделін жоғары бағалады.

Солтүстік Қазақстан облысы