Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2019

Nur Otan партиясы СҚОФ-ның бірінші орынбасары тағайындалды

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұған дейін  ішкі саясат басқармасының  басшысы қызметін атқарып келген Әсем Рахметова Nur Otan партиясы СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Nur Otan партиясы СҚОФ-ның бірінші орынбасары тағайындалды

Партия активіне жаңа басшыны филиалдың төрағасы, облыс әкімі Құмар Ақсақалов таныстырды.

Әсем Қалашбайқызы 1980 жылы Айыртау ауданында дүниеге келген. Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітіріп, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі мамандығын алып шыққан.

Еңбек жолын облыстық телеарнада тілшіліктен бастаған. Әскери бөлімшеде келісім-шарт бойынша жұмыс істеген. Облыс  әкімінің баспасөз хатшысы, ішкі саясат басқармасының жетекшісі қызметтерін атқарған.

Құмар Іргебайұлы Ақсақалов жаңа басшыға бірқатар міндеттер жүктеді.

Солтүстік Қазақстан облысы