Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2019

Мүмкіндіктер мекенінде мүмкіндік мол

350 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жастар жылына орай, Жуалы ауда­нының «Тау самалы» лагерінде Жамбыл облыстық жастар саясаты мәсе­лелері басқармасына қарасты «Жас­тар ресурстық орталығы» меке­месі «Мүмкіндіктер мекені» атты об­лыстық оқыту лагерін ұйым­дастыр­ды.

Мүмкіндіктер мекенінде мүмкіндік мол

Аталған шара жастар ара­сында зияткерлік, адами және ой ұш­қырлығы әлеуетін қалыптастыруға, олар­дың көшбасшылық қасиеттерін шың­дап, жастар саясатында жалпы жұ­мысты үйлестіруге баулуға, сонымен қа­тар мүмкіндігі шектеулі жандардың то­лыққанды дамуы мен лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға арналды.

Облыстық лагерьге өңіріміздің бел­сенді жастары, мүмкіндігі шектеулілер мен олардың күтушілері, во­лонтерлер, үкіметтік емес ұйым же­текшілері, аудандық, қалалық «Жас­тар ресурстық орталықтарының» қыз­­меткерлері, жастар ұйымдарының көш­басшылары қатысты. Екі күнге созыл­ған шараның алғашқы күні «Жастар ресурстық ор­та­лығы» директорының орынбасары Айбек Таутен және «Ру­х­ани жаң­ғы­ру» жобалық офисінің ди­ректоры Серік­бол Берікқожа делегат­тарды оқыту ша­ра­сының ашылуымен құттықтады. Содан соң 7 топқа бө­лінген жастар топ атауын қорғап, өздерін таныстырды. Сонымен қатар облыстық «Өңірлік коммуникация­лар қызметі» мекемесінің директоры Ихтияр Мырзахметов, Та­раз қалалық мәслихатының депутаты Серікбол Бе­рікқожа және «Нұр ба­ла» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Әйгерім Дәу­летбаева жастарға дәріс оқып, пі­кір алмасты. Шара барысында лагерь қонақтарымен интерактивті сұх­баттар, жеке тұлғаның дамуына және кәсіби тұрғыда ұшталуына ба­ғыт­­тал­ған тренингтік бағдарламалар, дене шынықтыру ретінде күнделікті таң­ғы жаттығулар ұйымдастырылды. Соны­мен қатар «Дамыған мемлекеттегі жас­тардың мүмкіндіктері» тақырыбына пси­хологиялық тренингтер және «Көш­­­басшылық қабілетті дамыту», «Қа­зақтың салт-дәстүрі әлемдік кинода» атты шы­ғармашылық сайыстар да өтті.

Лагерь қорытындысы бойынша қа­ты­сушылар «Мүмкіндіктер мекені» об­лыс­тық жастар лагеріне қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды. Лагерьдің белсенді қатысушылары мен байқауларда үздік деп танылған жас­тарға алғыс хаттар табыс етілді.

 

Жамбыл облысы