Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі кезекті ойынын өткізді. Сырт алаңда Ресей құрамасымен кездескен жерлестеріміз соңғы минутта өз қақпасына гол өткізіп алып, 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Сөйтіп, соңғы минут синдромы тағы да қайталанды. Дегенмен, Қазақстан құрамасының кешегі ойыны жанкүйерлердің көңілінен шықты.

Еуро-2020 турнирі аясындағы Ресей мен Қазақстан матч алдында футбол мамандары қос құрама арасындағы алғашқы ойындағы нәтижені ескеріп және ресейліктердің соңғы ойындағы көрсеткіштеріне қарап, бұл жолы да Ресей құрамасы Қазақстанды қалпақпен ұрып алады деп болжаған болатын. Алайда Михал Билек шәкірттері мамандардың сәуегейлігін жоққа шығарып, оңайлықпен берілмейтінін аңғартты. Бас бапкер Михал Билек Ресейге қарсы жас әрі тың футболшыларды бірінші минуттан бастап алаңға шығарды.
Жалпы, чехиялық маман соңғы екі ойыннан бері шабуылға қарағанда, қорғанысқа көп көңіл бөліп келеді. Кипр және Ресей құрамасына қарсы өткен ойында алаңға бес қорғаушыны шығарды. Сондықтан Қазақстан құрамасы әдеттегідей қорғанысқа көбірек көңіл бөліп, қарымта шабуылға иек артты. Жалпы, бас бапкердің көксегені де тең ойын болатын. Бірақ бұл ойы жүзеге аспай қалды. Матч бойы үздіксіз шабуылдаған Ресей футболшылары тек ойынның 89-минутында ғана Қазақстан құрамасының қақпасынан саңылау тапты. Александр Головиннің сол қапталдан көтерген добына бірінші болып жеткен ресейлік футболшы Марио Фернандес баспен гол соғып кетті. Қақпашы Непогодов доптың бағытын тапқанымен, қақпаны голдан аман сақтап қала алмады. Осылайша Ресей құрамасы өз алаңында 1:0 есебімен әрең жеңіске жетті.
Матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында Қазақстан құрамасының бас бапкері Михал Билек кешегі ойында бір ұпай алуымыз керек еді деді. Сондай-ақ ол ұлттық құрамада алғашқы ойынын өткізген жас футболшы Айбол Әбікеннің өнерін жоғары бағалады. «Қарсыластың деңгейін алдын ала ұғынып, көп қорғануға тура келетінін түсіндік. Сол себепті қорғаныс жүйесін түзуге күш жұмсадық. Жоспар бойынша ойнадық, сол себепті біздің қақпаның алдында қауіпті сәттер болмады. Бір стандарттан ғана жеңіліп қалдық. Ойыншылар соңына дейін күрескен еді. Бір ұпайға лайық болатын. Өткен ойында көп күш сарқыдық. Сол себепті өзгерістерге жүгінуге тура келді. Негізгі құрамда шыққан ойыншылардың барлығы жақсы ойнады. Айбол Әбікен ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын мықты қарсыласқа қарсы лайықты өткізді. Қалған жігіттер де жарап тұр», деді бас бапкер.
Енді Қазақстан құрамасы 10 қазан күні «Астана Аренада» Кипр құрамасын қабылдайды.
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • 24 Маусым, 2022
72 жастағы қария Ұлытаудан Павлодарға дейін жаяу жүрген
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Жеті жасар қазақстандық шахматшы ФИДЕ-нің әлем чемпионы атанды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар