Экономика • 13 Қыркүйек, 2019

700 миллионға жуық өсімпұл есептен шығарылды

437 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жыл басынан бері 2,9 млрд теңге көлемінде қарыздың негізгі сомасын төлеген 114 849 жеке тұлғаға қатысты 688,3 млн теңге өсімпұлды есептен шығарды.

700 миллионға жуық өсімпұл  есептен шығарылды

Комитеттің хабарлауынша, 1,4 миллионға жуық адам ра­қымшылыққа ілігіп, 13,9 млрд теңге көлемінде қа­рыз­дың негізгі сомасын төле­ген жағдайда, 6,3 млрд теңге кө­лемінде өсімпұл есептен шы­ғарылуға тиіс.

2019 жылғы 13-14 тамызда барлық аумақтық департаменттер өсімпұлдарды есептен шығару бойынша комиссия құру туралы бұйрық шы­ғарған болатын. Салық қа­рызын Мемлекеттік кірістер ко­митетінің www.kgd.gov.kz ресми сайтында «Салық қары­зы­ның болуы/болмауы туралы ақ­парат» бөлімінде тексеруге болатынын айта кетейік.

Биыл 3 шілдеде Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ко­дексіне 2019 жылғы 3 шілдеде жеке тұлғаларға салық­тық рақымшылық жа­сауға мүмкіндік беретін өзгер­тулер енгізілгені белгілі. Бұл түзетулер 2019 жылдың 16 шілдесінде күшіне енді. Сондай-ақ биылдан бастап Қаржы министрінің тиісті бұйрығы бойынша Өсімпұл сомаларын есептен шығару ережелері жарияланды. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі 2019 жылғы 9 шілдеде бекіткен Жеке тұлғаларға салықтық ра­қымшылық жасау бо­йын­ша Жол картасы жасалып, Мемлекеттік кірістер коми­тетін­е оны жүзеге асыру мін­деті жүктелді.