Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2019

Жаңа туристік бағыттар түзілді

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы мен «QazaqGeography» Республикалық қоғамдық бірлестігі ұйым­дастырған «Жібек Жолы – диалог жолы» халықаралық экспедициясы қорытындылап, БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз жиыны өтті.

Жаңа туристік бағыттар түзілді

«Жібек жолы – диалог жолы» халықаралық экспедициясы 20 тамызда Алматы қаласынан бас­тау алып, 1 қыркүйекте Ал­ма­тыда мәресіне жеткен. Осы ара­лықта экспедицияға қаты­су­шылар Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан­да келесі бағыттар бойынша жол жүріп өткен. Қа­ты­су­шы­лар­­дың ерекше саяхаты Ал­ма­­ты облысының көрікті жер­ле­­рі Үлкен Алматы көлі, Ме­деу, Шымбұлақ, Шарын шат­қал­­дарынан басталған. Одан әрі «Тянь-Шаньның көк мар­жан­­дары» аталып кеткен Көл­­­­сай көлдеріне қарай жол тарт­­­ты. Үшінші күні Қырғыз Рес­­­­пуб­ликасына асып, үш күн бо­йы қатысушылар Ыстықкөлдің әкім­­­шілік орталығы және Қа­ра­­­қол қаласын, Жеті Оғыз шат­қалын, Теріскей Алатоо жо­та­сы­ның солтүстік баурайында орна­ласқан Барскоон шатқалын аралады.

Әрі қарай қатысушылар Ұлы Жібек жолының орталығын­да орналасқан Азия мен Еуропа арасындағы сауда жолдарын біріктірген ежелгі Таразға табан тіреді. Мұнда олар көптеген тарихи ескерткіштер мен Қарахан, Бабажи-Хатун және Айша би­бі кесенелерін, Ақыртас және ежел­гі Тараз археологиялық ке­шенімен танысты. Одан әрі экспе­ди­ция мүшелері Өзбекстанның Таш­кент және Самарқан секілді тарихи қалаларын аралады.

Журналистер, фототілшілер, туристік блогерлер мен ту­р­о­ператорлардан құралған экс­­педиция құрамы Қазақстан,Қырғыз Республикасы және Өз­бекстан бағытын 13 күнде жү­ріп өткен. Сапардың қоры­тындысында еліміздің табиғи нысандары бойынша жаңа ту­ристік бағыттар түзілді. Бұл ақ­параттар көршілес Қырғыз Республикасы, Өзбекстан және отандық туроператорларға бері­летін болады.