Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2019

ШҚО Ұлан ауданында жалғыз басты анаға 4 бөлмелі үй берілді

590 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлан ауданы Асубұлақ кентіндегі жалғызбасты ана Әсия Қалиевағаға 4 бөлмелі үй берілді.

ШҚО Ұлан ауданында жалғыз басты анаға 4 бөлмелі үй берілді

ҚМДБ «Зекет» қорының Өскемен аймақтық бөлімінің ұйытқы болуымен Ұлан ауданы Асубұлақ кентіндегі жалғызбасты ана Әсия Қалиевағаға 4 бөлмелі үй берілді. Ігі шараға облыстық «Халифа Алтай» мешітінің Іс басқарушысы Б.Кәдіров, «Зекет» қорының өкілі Қуат Аманбол, облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Зауатбек Сайлауұлы және Ұлан ауданы әкімдігінің қызметкерлері мен кәсіпкерлер, ауыл тұрғындары қатысты. «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Ел үлесі-пәтерге» акциясын жариялаған болатын. Осы акцияның  нәтижесінде еліміз көлемінде қысқа мерзім ішінде 125 отбасы баспаналы болып жатыр. Бұл үй Шығыс өңірде беріліп жатқан 5-ші баспана, біз баспанаға мұқтаж осы отбасыны әдейі таңдап, Алла разылығы үшін қайырымдылық шарасына қамтып отырмыз» деді баспананы табыс ету салтанатында «Зекет» қорының Өскемен аймағы бойынша өкілі Аманбол Қуатұлы.

Жиналған халықтың алдында Асубұлақ кентінің тұрғыны, жалғызбасты ана  Калиева Асияға 4 бөлмелі үй табыс етілді. «Игі іс-шараға арнайы қатысқан Асбұлақ кентінің әкімі осындай игі жобаны ұйымдастырып жатқан өкілдікке шынайы алғыс білдірді. Баспанаға ие болған отбасындағы ақ жаулықты ана өкілдікке, «Зекет» қорына рахметін айтып, шашу шашты. Баспанаға ие болған Ә.Қалиева отбасындағы қуанышты кент тұрғындары бөлісіп, қазақ дәстүрімен көрімдік беріп, ақ дастархан жайылып, көңілді мерекеге жалғасты. «Ел үлесі-пәтерге» жобасы өңірде алдағы уақытта да жалғасын табатын болады» делінген облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Шығыс Қазақстан облысы,

Ұлан ауданы