Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2019

Оңдасын Оразалин: Жалған мәлімет берген мемлекеттік қызметкерлер жұмыстан босатылады

700 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

10 қыркүйек күні облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен аппарат жиыны өтті. Облыс әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, қала аудан әкімдері қатысқан жиында Ақтөбе облыстық әкімдігінің аппарат басшысы Нұржауған Қалауов  12 тамыздан  8 қыркүйекке дейінгі кезеңдерде атқарушылық тәртіптің жағдайы туралы хабарлады. Осы мерзім аралығында  277 тапсырма,   жоғары тұрған орталық мемлекеттік органдармен 522 тапсырма берілген. Президент Әкімшілігі тарапынан берілген 620 тапсырма мен облыс әкімінің 29 тапсырмасы дер кезінде орындалды.

Оңдасын Оразалин: Жалған мәлімет берген мемлекеттік қызметкерлер жұмыстан босатылады

Дегенмен, облыс әкімі тапсырмаларының орындалуына мониторинг жасау кезінде БАҚ пен әлеуметтік желілерді шолу барысында жауапты  мемлекеттік  органдардың мәліметтерді жалған бергендігі анықталды.  Мұндай жалған мәліметтің берілгендігі Ақтөбе қаласы және Алға ауданының әкімдіктерінде кездесіп отыр.  БАҚ беттерінде және әлеуметтік желілерде тұрғындар көтерген мәселе оң шешімін  таппаған.  Көшпелі тексеру жұмысы алдағы уақытта да  жалғасатын болады.

Бұл мәселеден хабардар болған аймақ басшысы қала, аудан әкімдеріне ескерту жасады.

«Орындалмаған жұмысты орындалған деп ақпар берген мемлекеттік орган мамандарын анықтап, тиісті шара қолданылсын, тіпті жұмыстан босатылса да артық болмайды»,-деді облыс әкімі.
Өңір басшысының  жиналыстар мен жұмыс сапарларының қорытындысы бойынша берілген 218 тапсырманың 155  орындалу үстінде, Әйтеке би, Мұғалжар, Шалқар аудандары мен Ақтөбе қаласы, бірнеше басқармаларға берілген жалпы саны  29 тапсырма уақытынан кешіккен.

Сонымен қатар жергілікті мемлекеттік органдардың ашық деректері бар жұмысы туралы  «Ашық үкімет» порталында жыл сайын Үкімет ресми интернет-ресурстарды басқару жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізеді. Бұл рейтингтерде мемлекеттік органның интернет-ресурсын, сондай-ақ «Ашық НҚА» және «Ашық деректер» порталдарын толықтыру бөлігінде ақпаратқа қол жеткізу туралы Заңның талаптарын сақтау ескеріледі.Өткен жылы Ақтөбе облысының әкімдігі 100 баллдың 64,65-ін жинаған. Мұндай төмен көрсеткіштен арылу үшін  мемлекеттік органдар интернет-ресурсты күшейтіп, ақпаратқа  қолжетімділікті арттыра түсу қажет.

Аппарат басшысы сондай-ақ, облыс әкімі орынбасарларының тұрғындарды жеке  қабылдау белсенділігін арттыру керектігін айтты. Әкім орынбасарларының арасында тұрғындарды жеке  қабылдауға қатысты 8 айға жүргізілген мониторинг бойынша Марат Тоғжанов 125 азаматпен кездесіп тізімнің алдында тұр, одан кейінгі тізімде 105 азаматқа қабылдау жүргізген Рахат Сыдықов, 82 - Олжас Смағұлов, 80 - Аманғали Бердалин, Қайрат Бекенов 58 жеке қабылдау өткізген.

«Азаматтарды жеке қабылдауға белгіленген кестеден бөлек, аудандарға жасаған іс-сапар барысында да  тұрғындарды жеке қабылдап проблемаларын тыңдау қажет»,-деді аймақ басшысы.