Біздің қорымызда көптеген құнды жәдігерлер жиналған. Мұнда аты аңызға айналған режиссер Сергей Эйзенштейннің камерасы бар. Сондай-ақ мұражайға Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібек» фильміндегі Жібек пен Төлегеннің киімдері, Асанәлі Әшімов пен Цой Гук Иннің -«Шоқан Уалиханов» фильміндегі Сағи Әшімовтың костюмі, Рүстем- Әбдірашевтің «Қазақ хандығы», Алтын тақ» және Ақан Сатаевтың «Томирис» сынды кинотуындыларда қолданылған костюмдер қойылған. Ал мұражайдың мақтанышы – Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың қайта жасақталған жұмыс кабинеті. Мұнда қазақ киносының классигі – Шәкен Аймановтың әуестікпен жинаған коллекциясы мен өзі қолданған жеке заттары қойылған.
Іс-шара барысында ҚР Ұлттық банкі өкілі мұражай қорына Шәкен Аймановтың 100 жылдығына және қазақ анимациясының 50 жылдығына орай шығарылған номиналдары 500 теңгелік екі ескерткіш күміс монеталарды тапсырады. Сондай-ақ мұражай қорына «Қазпошта» АҚ «Қазақ анимациясына 50 жыл» тақырыбында шығарған пошталық марканы сыйға тартатын болады.
АЛМАТЫ