23 Қаңтар, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1528

309 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1528


Сәрсенбі, 23 қаңтар 2013 5:53

2012 жылғы 30 қараша, Астана, Үкімет үйі

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимннің мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы №873 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Сәрсенбі, 23 қаңтар 2013 5:53

2012 жылғы 30 қараша, Астана, Үкімет үйі

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимннің мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы №873 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1.«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимннің мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы №873 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., №36, 410-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген:
Кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:»;
Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимннің мәтінін орналастыру ережесінде:
тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына (Бұдан әрі – Конституциялық Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимннің мәтінін пайдалану тәртібін айқындайды.»;
2- тармақ мынадай мазмұндағы 10-1 тармақшасымен толықтырылсын:
«10-1) халықаралық ұйымдар өткізетін рәсімдер, салтанатты және спорттық іс-шаралар кезінде;»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы оның көлеміне қарамастан ұлттық стандарттарға сәйкес келуі тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 10-1, 10-2 және 10-3- тармақтармен толықтырылсын:»
10-1. Осы Ереженің 2- тармағының 10-1 тармақшасында көзделген рәсімдер, салтанатты және спорттық іс-шараларды өткізуі кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы Конституциялық Заңға, сондай-ақ сол мемлекеттік хаттамалық практикасына және жергілікті салт-дәстүрлерге сәйкес орналастырылады.
10-2. Спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер, бас жаттықтырушылар спорттық іс-шараларды ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын орналастыру тәртібін сақтауын қамтамасыз етуге міндетті.
10-3. Шетелдік спортшылардың (командалардың) қатысуымен өтетін жарыстардың жүлдегерлерін марапаттау рәсімі кезінде өкілдері спорттық жарыстардың жүлдегерлері болып табылатын қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік тулары салтанатты түрде көтеріледі.»;
14- тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын бір және (немесе) көп қабатты ғимараттарда экстерьерлі нұсқада орналастыру кезінде ғимараттың сәулеттік ерекшеліктері және мынадай өлшемдер пайдаланылады:»;
18- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы оның көлеміне қарамастан ұлттық стандартқа сәйкес келуі тиіс.»;
21- тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«21 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын бір және (немесе) көп қабатты ғимараттарда экстерьерлі нұсқада орналастыру кезінде ғимараттың сәулеттік ерекшеліктері ескеріледі және мынадай өлшемдер пайдаланылады:»;
28- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Осы Ереженің 26-тармағының 1) және 2 тармақшаларында көрсетілген мөрлер мен құжаттардың бланкілерінде, ресми басылымдарда орналастырылған Қазақстан Республикасы Елтаңбасының бейнелері ұлттық стандартқа сәйкес келуі тиіс:»;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Осы Ереженің 26 тармағының 4) тармақшасында көрсетілген құжаттарда орналастырылған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнелері Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ ұлттық стандарттарға сәйкес келуі тиіс.»;
35-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
«35. Мемлекеттік рәміздер бейнелері бар стенділер (плакаттар) салтанатты іс-шаралар өтетін көпшілік назарына қолжетімді жерлерде орнатылуы тиіс.»;
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.