Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Дүбірлі додаға 91 мемлекеттен келген 488 былғары қолғап шебері бақ сынауда. Жаһандық жарыстың алғашқы аптасы Қазақстан құрамасы үшін сәтті өтті. Рингке көтерілген барлық боксшыларымыз жеңіске жетіп, ел мерейін үстем етті.

Халықаралық Олимпиада комитетінің былтырғы ережесіне сәйкес, биылғы әлем біріншілігі 8 салмақ дәрежесінде тұңғыш рет өткізілуде. Ресей бокс федерациясының мәліметінше, әлем чемпионатына қатысушылар саны да рекордты деңгейге жеткен.
Әлем чемпионатында біздің жігіттер арасынан алғашқы болып рингке 81 кило салмақ дәрежесіндегі Бекзат Нұрдәулетов көтерілді. Ол Оңтүстік Кореяның өкілі Хонг Ингпен күш сынасты. Бәсеке басталған бетте қарсыласы екпіндеп шабуылдағанымен, көп ұзамай қандасымыз оны сабасына түсірді. Екінші раунд Бекзаттың айқын басымдығымен өтсе, үшінші раундта кореялықты нокдаунға жіберді. Осылайша, төрешілердің барлығы да қазақ боксшысының мықтылығын мойындады. Газет беттеліп, баспаға дайындалып жатқанда Бекзат Венесуэла өкілі Корба Баррермен кездесіп жатқан болатын. Кездесудің нәтижесін газетіміздің сайтынан біле аласыз.
Бекзаттың жеңісті жолын 63 кило салмақтағы Закир Сафиуллин жалғады. Ол алғашқы іріктеу бәсекесінде әзербайжандық Бахтияр Газибековпен күш сынасып, тартысты жекпе-жекте төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті. Араға екі күн салып Сафиуллин екінші жекпе-жегін өткізуі тиіс еді. Алайда канадалық боксшы Томас Блуменфельд жарақатына байланысты шаршы алаңға шығудан бас тартты. Осылайша, Зәкір әлем чемпионатының 1/8 айналымына бірден жолдама алды. Енді ол ертең 2017 жылғы әлем чемпионы кубалық Энди Круз Гомеспен ширек финалдың жолдамасын сарапқа салады. 32 жастағы отандасымыз биыл екінші рет әлем біріншілігіне қатысып жатыр. 2015 жылы Қатар астанасы Дохада өткен бәсекеде бірінші айналымда сүрінген-ді.
Жарыстың алтыншы күні үш боксшымыз шаршы алаңға көтерілді. Күндізгі сессияда 52 килода өнер көрсететін отандасымыз Сәкен Бибосынов моңғолиялық Энхмандах Хархуумен жұдырықтасып, 3:2 есебімен басым түсті. Екі спортшы алма-кезек соққы жұмсаған кездесу тең дәрежеде өткен болатын. Кездесу барысында сәл ғана басымдық танытқан Бибосыновты төрешілер жеңіске лайық деп тапты.
75 килодағы боксшымыз Тұрсынбай Құлахмет чех Милош Бартлмен шаршы алаңда кездесіп, отандасымыз айқын басымдықпен жеңіске жетті. Жекпе-жек барысында Тұрсынбай чехиялық боксшыға айла қалдырған жоқ. Екінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберіп те үлгерді. Ауыр әрі нық соққыларын жаудырған қазақстандық боксшының жеңісіне төрешілер де күмән келтірген жоқ. Қазылар бірауыздан Тұрсынбай Құлахметті жеңімпаз деп таныды.
Жексенбі күні 2017 жылғы әлем чемпионы Қайрат Ерәлиев (57 кг) пен Василий Левит (91 кг) алғашқы жекпе-жектерін өткізді. Ерәлиев 52 кило салмақта Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған Йоэль Финольмен жұдырықтасты. Ал 91 килоға дейінгі салмақта Василий Левит словакиялық Давид Михайликпен кездесті. Бұл кездесулердің толық нәтижесін egemen.kz сайтынан біле аласыз.
Сондай-ақ бүгін Абылайхан Жүсіпов (69 кг) Таиланд боксшысы Вуттичай Масукпен жұдырықтасады. 29 жастағы Масук өте тәжірибелі боксшы. 2015 жылы әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алса, 2009 және 2015 жылдары Азия чемпионатында топ жарған. Ал аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев Гадфа Дрисси (Испания), Белберов Петар Руменов (Болгария) жұбының жеңімпазымен қолғап түйістіреді.
Алматыдағы «AǴYM» көрмесі жас суретшілерге рухани шабыт береді
Руханият • Бүгін, 16:30
Кардиоорталық ұжымы біріктіруге неге қарсы?..
Аймақтар • Бүгін, 16:24
Конфедерация кубогының финалистері анықталды
Спорт • Бүгін, 14:26
Он педагог «Qazsaq» стипендиясына ие болды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Көрнекті геолог Дүбек Дүйсенбековке мемориалдық тақта ашылды
Руханият • Бүгін, 10:38
«Жетоқсаншы» жеткіншек еске алынды
Руханият • Бүгін, 10:37
Орталық ғылыми кітапхана ұлттық ғылыми еңбектердің бай топтамаларын қамтиды
Руханият • Бүгін, 10:22
Елбасы Қорының «ЖасSTAR» фестиваліне он жыл толды
Аймақтар • Бүгін, 10:21
Археология мұражайы - сирек кездесетін артефакттар жинақталған бірден-бір мұражай
Руханият • Бүгін, 10:16
Демаркациялық комиссия мүшелері кездесті
Қазақстан • Бүгін, 10:12
Жас өнерпаз Алматыға ән арнады
Аймақтар • Бүгін, 10:10
Алматыда жаңа балабақша салынады
Аймақтар • Бүгін, 10:05
Алматыда Қазақстан Жазушылары кітапханасында кездесу өтті
Руханият • Бүгін, 10:00
Жезқазғанда тамақтан уланған оқушылар жазылып шықты
Аймақтар • Кеше
Урбанистік орталыққа айналудың бір тұтқасы
Аймақтар • Кеше
Қарағандыда Antikor Ortalygy мекемесі ашылды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматылық дизайнердің Стокгольмде көрмесі ашылды
Руханият • Кеше
Алматыда жас өрендердің жарысы аяқталды
Спорт • Кеше
Қарқаралы ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
«Батыс» ӨңҚ әскери бөлімдері дабыл бойынша көтерілді
Аймақтар • Кеше
Алматыда академик Валентина Жұмағұлова атындағы дәрісхана ашылды
Руханият • Кеше
Алматыда 128 мыңнан астам оқушы қазақ тілінде білім алады
Руханият • Кеше
«Ел бірлігі – 2019» марапаттау салтанаты өтті
Руханият • Кеше
Алматыда «Қара майордың» құрметіне ескерткіш тақта ашылды
Руханият • Кеше
Алматы хайуанаттар бағында Алькор есімді ақ аю 30-ға толды
Аймақтар • Кеше
Асық ойыны балаларды өмірлік тәжірибеге баулиды
Руханият • Кеше
Қ.Тоқаев Фраунхофер институтының бөлім директорымен кездесті
Президент • Кеше
Президент Германия бизнесінің өкілдерімен кездесті
Президент • Кеше
Елордада каратеден Әлем чемпионаты басталады
Спорт • Кеше
Елорда әкімі прокурорларды кәсіби мерекесімен құттықтады
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның бұрынғы Федералдық Президенті Хорст Кёлермен кездесті
Президент • 06 Желтоқсан, 2019
Сирек кітаптар музейінде латын графикасындағы баспа ескерткіштері сақталған
Руханият • 06 Желтоқсан, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Берлин еуразиялық клубының 28-отырысына қатысты
Президент • 06 Желтоқсан, 2019
Қазақтың музыкалық археологиясының даму жолдары талқыланды
Руханият • 06 Желтоқсан, 2019
Жамбыл өңірінде қант қызылшасын жинау науқаны аяқталды
Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2019
2020 жылғы Олимпиада ойындарына қазақстандық делегацияның киетін киім үлгілері талқыланды
Спорт • 06 Желтоқсан, 2019
Қазақстандық он спортшы ХОК стипендиясын иеленді
Спорт • 06 Желтоқсан, 2019
Көктайғақ салдарынан бірқатар республикалық тас жолда жол жабылды
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2019
«Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсының жеңімпаздары анықталды
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2019
Алматыдағы тәуелсіздік жарияланған ғимаратта жастармен кездесу өтті
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2019
«Ел тағдырын айқындаған тәуелсіздік» тақырыбында форум өтті
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2019
2019 жылы мұнай өндіру жоспары асыра орындалады - Энергетика министрлігі
Экономика • 06 Желтоқсан, 2019
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясының төрағасымен кездесті
Президент • 06 Желтоқсан, 2019
Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бригадасы дабылмен көтерілді
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2019
Алматыда өткен Имамдардың аймақтық форумына рухани құндылықтар тақырыбы арқау болды
Руханият • 06 Желтоқсан, 2019
Қазақстан мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толуына арналған конференция өтті
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2019
Атырауда 144 отбасы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баспаналы болды
Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2019
Елорда әкімдігі бірқатар инвестициялық жобаны қолдады
Экономика • 06 Желтоқсан, 2019
Үкімет үйінде зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2019
Маңғыстауда жалға берушілермен кездесу өтті
Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2019
Түркістанда 630 орындық көпсалалы аурухананың қазығы қағылды
Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2019
Табысы аз отбасылардың балаларына кепілдендірілген әлеуметтік топтаманың құрамы қалыптастырылды
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2019
Дариға Назарбаева Қазақстан мәслихаттарының 25 жылдығымен құттықтады
Парламент • 06 Желтоқсан, 2019
Маңғыстауда Төтенше жағдайлар департаментінде брифинг өтті
Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2019
Руханият • 06 Желтоқсан, 2019
Маңғыстауда Ассамблея «Жігіт сұлтаны» байқауын өткізді
Руханият • 06 Желтоқсан, 2019
Нұрлан Нығматулин Мәжілістің Бюро отырысын өткізді
Парламент • 06 Желтоқсан, 2019
Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2019
Маңғыстауда полицейлер арасында чемпионат өтті
Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2019
Елордада 2023 жылы «Қолжетімді дәрігер» жобасы бойынша 51 нысан ашылады
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2019
34 мыңнан астам маңғыстаулық көпбалалы отбасы жаңа мемлекеттік жәрдемақы алатын болады
Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2019
Оралда жастар бастамаларын қолдау жақсы
Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2019
Ұқсас жаңалықтар