Қазақтың шойын жұдырық иесі, Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов сенбі күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы әйгілі Madison Square Garden аренасында өзінің кезекті жекпе-жегін өткізіп, қарсыласын бірінші раундтың өзінде-ақ нокаутқа жіберді. Отандасымыз бұл жеңісі арқылы «Елеусіновтің жойқын соққысы жоқ, кәсіпқой бокста жүрген қатардағы қарапайым боксшы» деп сынап жүрген жанкүйерлеріне нақты жауап беріп, өзінің мүмкіндігін көрсетті.

Рас, бұған дейін Данияр Елеусінов төрт қарсыласын ұпай санымен, үш қарсыласын техникалық нокаутпен жеңген болатын. Сондай-ақ барлық қарсыласы жеңілістің кермек дәмін татқан, деңгейі өзінен төмен боксшылар болатын. Ал бұл жолы 13 кездесудің 12-сінде жеңіске жетіп, тек бір айқасында ғана тең түскен 34 жастағы Решард Хиксті бірінші раундта сұлатып салды.
Америкалық боксшы өте тәжірибелі. 12 қарсыласының тең жартысын нокаутқа түсірген әккі боксшы. Решард Хикс Даниярға дейінгі соңғы жекпе-жегінде өзінің отандасымен жұдырықтасып, Америка бокс федерациясының белдігін жеңіп алған-ды. Осындай ірі жетістігінен кейін ол Елеусіновпен жекпе-жек өткізуге келісім берген.
10 раундқа жоспарланған айқаста Хикс бірінші соққы жасап, отандасымызды сынақтан өткізіп алды. Мұндай жағдайға дайын болған отандасымыз бірден жекпе-жек тізгінін өз қолына алып, ринг ортасын иеленді. Раундтың орта тұсынан асқанда Данияр белсенділігін арттырып, қарсыласын нокдаунға жіберді. Америкалық боксшы есін жиып, жекпе-жекті қайта жалғастырғанымен отандасымыздың сериялық соққысынан кейін тағы да нокдаунға түсті. Бұл сәтте төреші есепті ашпай-ақ, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Осылайша, отандасымыз карьерасындағы сегізінші жеңісіне қол жеткізді.
Жекпе-жектен кейін Елеусінов жерглікті БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, алдағы жоспарымен бөлісті. «Әрине, жеңісіме қуаныштымын. Еткен еңбегімнің, төккен терімнің ақталғанына дән ризамын. Бірінші раундта жеңіске жету барлық боксшының арманы. Бірақ бүгінгі айқас өзімнің көңілімнен шыққан жоқ. Жекпе-жекті қайта қарап шығып, қателіктеріммен жұмыс істейтін боламын. Қазір дәл мына боксшымен жекпе-жек өткізгім келеді деп айта алмаймын. Мен рейтингтік кездесулер өткізіп жүргендіктен, промоутерлерім қай боксшыны ұсынады, сол боксшымен жұдырықтаса беремін», дейді Данияр Елеусінов.
Отандасымыздың жарқын жеңісін әлемдік БАҚ өкілдері де жарыса жазып, бокс мамандары қазақ оғланының өнеріне жоғары баға беріп жатыр. Тіпті америкалық әйгілі The Ring журналының журналисі Райан Сонгалия Даниярды Майк Тайсонға теңеді. «Данияр Елеусінов шаршы алаңға Майк Тайсон секілді көтеріліп, дәл Тайсонның әдісімен қарсыласын екі минутта сұлатып салды. Ол осы қарқынынан таймаса, алдағы уақытта талай биікті бағындыратынына сенімдімін», деп жазады Сонгалия.
Бұл жеңісінен кейін Елеусінов әлемдік рейтингте жоғары көтеріліп, 152-орынға тұрақтады. Жоспар бойыша, отандасымыз жыл соңына дейін тағы бір жекпе-жек өткізбек.
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • 24 Маусым, 2022
72 жастағы қария Ұлытаудан Павлодарға дейін жаяу жүрген
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Жеті жасар қазақстандық шахматшы ФИДЕ-нің әлем чемпионы атанды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар