Қоғам • 17 Қыркүйек, 2019

Ел дамуына жаңа серпін береді

806 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Әрбір Жолдаудың жариялануы – біздің қоғам үшін мемлекеттік деңгейдегі маңызды оқиға. Жолдауда мемлекеттің бірінші тұлғасы ел дамуының аса өзекті мәселелерін анықтайды, оларды шешудің нақты жолдары мен шараларын көрсетеді, стратегиялық бағдарлар мен қоғамның одан әрі үдемелі дамуының бағыттарын айқындайды.

Ел дамуына жаңа серпін береді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Үкіметтің алдағы уақытта күш-жігері бағытталатын бес негізгі саланы атап өтті. Маңызды салалардың бірі – мемле­кет­тік құрылыс. Қазіргі заманғы тиімді Қа­­зақстан мемлекетін дамыту елдің қоғам­дық-саяси өмірін жаңғыртусыз мүмк­ін емес.

Тиімді мемлекеттің негізі – мемлекет пен халық арасындағы сенімді қарым-қатынас. «Еститін мемлекет» тұжы­рым­дамасы – халық тарапынан әрекет ете­тін билікке деген сенімді орнату мен ны­ғайтуға негізгі екпін жасалатын бас­ты стратегиялық элемент. Ал жақында құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі тиімді сұхбат алаңына айналады, онда азаматтық қоғам аса өткір және өзекті жалпы мемлекеттік мәселелер бойынша өз пікірін білдіреді.

«Күшті Президент – ықпалды Пар­ла­мент – есеп беретін Үкімет» – қа­зір­гі заманғы тиімді Қазақстан мем­ле­ке­тін өркендетудің негізгі формуласы. Оны іске асыру үшін партиялық құрылыс үде­рі­сін жалғастыру, халықпен тиімді кері байланыс орнату, митингілер туралы заң­наманы жетілдіру, қоғамдық келісімді ны­ғайту қажет.

Азаматтардың құқықтары мен қауіп­сіз­дігін қамтамасыз ету – саламатты қоғам құ­ру үшін маңызды шарт. Осы мақсатта сот және құқық қорғау жүйелеріне терең реформалар жүргізіледі. Сондай-ақ бұл Қарулы Күштер жүйесіне де қатысты. Қоғамда кең талқылауларға негіз болған қайғылы оқиғалар мұндай реформалар қажет екенін дәлелдейді.

Жолдауда әлеуметтік-экономикалық жоспар мәселелерінің кешені өте ауқым­ды. Мемлекет басшысы экономика­ны одан әрі әртараптандыруға және шикі­заттық бағыттан ауытқуға, агро­өнер­кә­сіп­тік секторды дамытуға, қаржылық және салықтық реттеуге, шағын және орта бизнесті дамытуға, Ұлттық қор ресурстарын тиімді басқару мен пайда­лануға қатысты т.б. сегіз өзекті эконо­ми­калық мә­селені атап өтті.

Қазақстандық шағын және орта кә­сіптің дамуын ынталандыру және өс­уін белсенді ету үшін маңыздысы – Пре­зи­дент­тің ШОБ компанияларын үш жыл мерзімге табыс салығын төлеуден босату туралы, сондай-ақ шағын және орта бизнесті тексеруге үш жыл тыйым салу тура­лы шешімі. Әрине, бұл шешімді жүзеге асыру ШОБ-ты дамытуға жаңа серпін береді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, бизнес тұтынушылар мен азаматтар алдында жауапты болуы тиіс. Оған өзін өзі реттеу және қоғамдық бақылау құралдары көмектеседі. Бизнесті дамытуды қолдауға Ұлттық қордан 100 млрд теңге бөлінеді.

Сұрақтардың әлеуметтік блогы білім беру саласындағы мәселелерді шешуге, отбасы мен бала институтын қол­дау­ға, инклюзивті қоғам құруға, ме­ди­циналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге, мәде­ни­ет қызметкерлерін қолдауға және әлеуметтік қолдау жүйесін одан әрі дамыту мәселесіне қатысты болды.

Мүмкіндігі шектеулі адамдарды қоғам­ның толыққанды өміріне тарту – инк­люзивті қоғам құрудың басты міндеті. Бұл мақсатқа үш жыл ішінде 58 млрд теңге бөлінеді.

Зейнетақы жүйесін дамыту және зей­нетақы активтерін тиімді басқару мәселесі де оңай емес. Жұмыс істейтін аза­маттардың өздерінің зейнетақы жи­нақ­­тарының бір бөлігін мақсатты пайдалану мүмкіндігі қоғамда бірнеше рет талқыланды. Үкіметке мақсатты пайдалану мәселесін пысықтау тапсырмасы халықтың көпшілігі үшін маңызды.

Өңірлік дамуда барлық деңгейлерде бюджет үдерісін ұйымдастыру қайта қаралады, бұл жергілікті билік органда­ры­на халықпен бірлесіп мәсе­лелерді шешуде экономикалық не­ғұр­лым еркін болуға мүмкіндік береді. Көші-қон үдерістерін реттеу, ірі қалалар әкімдерінің құзыретін кеңейту жөніндегі шаралар басқарудың тиімділігін арттыр­уы тиіс.

 

Әсел ӘБЕН,

Президент жанындағы ҚСЗИ-дің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы, экономика ғылымдарының кандидаты

 

Соңғы жаңалықтар