- Біз «Астана» командасының бірнеше ойынын қарап шықтық. Оның ішінде Еурокубоктерде өткізген ойындарына баса назар аударуға тырыстық. Команда құрамына өте жақсы ойыншылар жинақталған. Мен «Мольде» тізгінін ұстаған кезеңде, Рунар Сигурьонссонды қатарымызға қосқым келген. Сондықтан да мен бұл ойыншынымен жақсы таныспын дей аламын.
- Барлығы ертең алаңға жас ойыншылардың шығатынын айтып жатыр. Бұл белгілі бір деңгейде қарсыласты елемеу деуге бола ма?
- Мүлде олай емес. Еуропа лигасындағы кездесулерде жас ойыншыларға мүмкіндік беру, тәжірибелі футболшылармен иық тірестіру клубтың дәстүрі десем болады.
- Ертең жас футболшылардың алаңға шығатынын ескерсек, оларға қандай тапсырма жүктеу жоспарыңызда бар?
- Біз осыған дейін Шығыс Еуропаның командаларына қарсы ойын өткізген едік. «Астанаға» қарсы кездесуде де команда белгілі бір деңгейде тәжірибе жинақтайтындығы анық. Біз топтық кезеңнен шығу үшін үйдегі ойындарды жеңу өте маңызды. Сондықтан да ертең алаңға тек жеңіс үшін шығамыз.
- Команданың негізгі қақпашысы Давид де Хея ертең негізгі құрамда алаңға шыға ма?
- Давид де Хея клубпен жаңа келісімшарқа қол қойды. Оған клуб тарапынан толық қолдау көрсету өте маңызды болды. Давид егер ертең ойнауға дайын болса, оны алаңнан көрсек қуанышты болатынымыз анық.
Оле Гунар Сульшер: Сигурьонссонмен жақсы таныспын
Еуропа лигасының топтық кезеңі аясындағы «Астанға» қарсы кездесу алдында «Манчестер Юнайтед» командасының бас бапкері Оле Гунар Сульшер журналистердің сұрақтарына жауап берді:
Қоғам • Бүгін, 10:40
Шайбайдың Сұлтанмахмұтқа арнауы
Әдебиет • Бүгін, 10:30
Таным • Бүгін, 10:20
Өнер • Бүгін, 10:10
Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 10:00
Түлектерге – грант, дәрігерлерге – баспана
Аймақтар • Бүгін, 09:55